әлем,  әлеумет,  БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР,  ЖАҢАЛЫҚТАР,  мәдениет,  саясат,  спорт,  фото,  экономика

Жетісай драма театры 50-ші маусымашарын өткізді

Қ . Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры 50-ші маусымашарын «Адасқандар» атты пьесасымен ашты. Қойылымның ашылу салтанатына аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев арнайы қатысып, театрдың шығармашылық ұжымын мерейлі 50-ші маусымашарымен құттықтады

На данном изображении может находиться: 4 человека, в том числе Саят Тлеуов, люди стоят и костюм

«Құрметті өнерсүйер қауым, қадірменді театр қызметкерлері! Сіздерді қазақ өнерінің қарашаңырағы Жетісай драма театрының алда келе жатқан 50 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы жылы  Жетісай драма театрының құрылғанына 50 жыл толғалы отыр.  Яғни,  1969 жылдың 18-ші қаңтарында қарашаңырағымыздың алғашқы жұмысын бастаған болатын. Алғашқы шымылдығын жазушы Бейімбет Майлиннің «Жалбыр» пьесасымен ашқан Жетісай драма театрының шығармашылық ұжымы осы тарихи күнді өнер ордасының туған күні ретінде жыл сайын қуанышпен атап өтеді», – деді Жамантай Қанайұлы.

Бүгінде қасиетті қарашаңырақ  қазақ өнері мен театрында қайталанбас тұлға, режиссер, мемлекеттік сыйлықтың иегері Құрманбек Жандарбековтің есімімен аталады. Құрманбек  Жандарбеков сонау 60-шы жылдардың ортасында Жетісайға бір топ өнер майталмандарымен арнайы келіп, Мәскеудің Кремльдер сахнасында «Қыз Жібекті» қою үшін дайындық жұмыстарын жүргізген болатын. Әу баста халықтық театр атанған Мырзашөлдік өнерпаздардың Мәскеу төріндегі жоғары шеберлігінен кейін  қаламызда кәсіби театрдың негізі қаланды. Сондықтан да өлкеміздің театр сүйер жұртшылығы Құрманбек Жандарбековтың есімін орынды мақтаныш етеді.

Тарих қонауында қалған жарты ғасырда аталған театр сахнасында  жалпы саны 200-ден астам әралуан жанрлардағы спектакльдер қойылды. Бұл осы ұжымның ерен еңбегінің арқасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған