ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоғалы ауылы көгілдір отынмен қамтылмақ

Таяу күндері Жетісай ауданы Атамекен ауыл округіне қарасты Қоғалы ауылындағы 136 отбасы көгілдір отынмен қамтылмақ.  Бұл мақсатқа 2017 жылы облыстық бюджеттен 87 млн 219 мың теңге бөлініп,  ұзындығы 8,69 шақырымды құрайтын газ құбырлары тартылған болатын.  Сондай-ақ, әр абономентке жобаға сәйкес газ реттеуіш бекеттері орнатылды. Енді бірер күнде Қоғалы ауылының тұрғындары толығымен көгілдір отынға қол жеткізбек.

На данном изображении может находиться: один или несколько человек, люди стоят, растение, дерево, небо, дом, обувь, на улице и природа

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған