ЖАҢАЛЫҚТАР

БАЛАЛЫ АУЫЛҒА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

Атамекендіктер үшін аптаның басы жағымды жаңалығымен басталды.

Округке қарасты Мақташы ауылында 125 орындық «Гүлсін ана» балабақшасы ашылып, лентасы қиылды. Салтанатты шарада ауыл тұрғындарының қуанышын бөліскен  аудан әкімі Ж.Бейсенбаев: «Бүгінде Жетісай ауданында 20 мемлекеттік, 137 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Бұл көрсеткішті  бүгін тағы бір балабақша толықтырып отыр.  Жалпы, ауданда мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 95 пайызды құрайды. Алдағы уақытта да бірнеше балабақшаның құрылысы жүргізіледі» деді.

Жаңа мекеменің құрылтайшысы, жеке кәсіпкер  Құттыбек Елтоқов  ауыл тұрғындарының сұранысына орай 2016 жылы құрылысты бастаған. Қазіргі таңда пайдалануға берілген бақшада 125 балғын тәрбиеленіп, 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылуда.

Шара барысында аудан басшысы балабақша ішін аралап көріп, балаларды тамақтандыруда аса мұқият болуды ескертті.

«ЖЕТІСАЙ-АҚПАРАТ».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған