ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕТІСАЙДА ЛИМОН ПІСТІ

Атамекен ауылдық округінде  2015 жылы 15 соттық жылыжайға тәжірибе ретінде  егілген лимон көшеттері бүгінде алғашқы жемісін беріп, әр түптен 10 келіге жуық өнім алынуда. Округтегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығына арнайы барған аудан әкімі Жамантай Қанайұлы көшет бағын аралап көріп, алдағы уақытта лимонмен қатар шабдалы, құрма ағаштары мен шайлы роза көшеттерін көбейтуге кеңес берді.

Жалпы, қазіргі таңда аталмыш қожалық иелігіндегі 17 гектардың  6 гектарында шабдалының 1200 «Супер лола», 1000 түп «Халима» сорттары, 2 гектарында құрма, 15 соттығында лимон, сондай-ақ, 80 мың түп шайлы роза көшеттері егілген. Қожалық төрағасы Мұрат Жұмабеков алдағы жылы лимон бағының көлемін 20 соттыққа дейін арттыруды жоспарлап отыр. «Мамандардың айтуынша бұл жеміс түрі 25-30 жылға дейін өнім береді екен. Алғашқыда лимонның көшетін Ташкенттен алдырдық. Бірақ ойдағыдай тамыр алмады. Содан, өзіміз лимон көшетін әзірледік. Жұмысымыз нәтижесін беріп, алғашқы өнімге де қол жеткіздік»,-деді бағбан.

«ЖЕТІСАЙ-АҚПАРАТ».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған