БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖИЫН-ТЕРІМ ҚЫЗЫП ТҰР

Ауа-райының әрбір ашық күнін тиімді пайдалануды мақсат еткен диқан қауымы бүгінде “ақ алтынды” қырманды толтыруда.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бүгінгі мәліметі бойынша 48226,8 гектар мақтаның 41629,5 гектары теріліп, қырманға 102284,4 тонна «ақ алтын» түсті. Қабылдау бекеттері мен зауыттарға жеткізілген мақтаның дені терім комбайнмен жиналған.

Биыл өткен жылға қарағанда мақтаны комбайнмен жинау үлесі артып келеді. Бүгінгі таңда ауданымызда 199 «ХНП-18, Джон-Дир» мақта терім комбаиндары алқапта мақта терсе, 5621 терімшіден құралған 303 бригада қарқынды жұмыс істеуде.

Қазір бір күнде 1733 гектар жерден 6183,9 тонна өнім терілуде.

А.ӘЗІМБЕКҰЛЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған