ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқу-жаттығу дайындығы өтті

Жақында Жетісай ауданында «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына, аудандағы барлық мекемелердің төтенше жағдайларға дайындығы тексерілді.

Оқу-жаттығудың тақырыбы – «Көктемде төтенше жағдайларды жою кезіндегі азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау». Дайындық шарасы Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі бойында орналасқан «Еңбек ЛТД» ЖШС зауыты алдында өтті. Оған Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің құрылымдары, яғни байланыс қызметі, медицина қызметі, сауда қызметі, жанар-жағар май материалдары қызметі, көлік қызметі, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі, инженерлік қызметі, жолдар мен көпірлер қызметі, шұғыл әрекет ету жасағы, «ҚазТрансгазАймақ» АҚ филиалы, энергетика қызметі, өртке қарсы қызметі, қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі және радиациялық және химиялық қорғау қызметі жиналды. Іс-шара барысында көктем кезеңіндегі аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің саны, құрамы мақсатқа сай болуына және іс-қимылдарға әзірлігін, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстар қорларының, энергиямен жабдықтаудың резерв көздерінің жай-күйін тексеру мақсатында күш пен құралдары жиналып, дайындыққа келтірілді.

Осы оқу-жаттығудың барысын аудан әкімінің орынбасары А.Маханбетов және аудандық ТЖ бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Д.Жамединов тексеріп, бақылап бірнеше бөлімдер дайындығының жетістіктері мен кемшіліктеріне сын-ескертпелер берді.

А.ӘЗІМБЕКҰЛЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған