ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұқымдық шитті қайдан алуға болады?

Биылғы жыл көктемі ерте шығып келеді. Ауданы­мыздағы ауыл шаруашылығының негізі – мақта дақылы. Сондықтан да диқандарды тұқымдық шитті қайдан, қандай бағада аламыз деген сұрақ мазалайды. Осы орайда біз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен тұқымдық шит жөнінде мәлімет сұратқан болатынбыз.

Бүгінгі таңда «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС 63 тонна М-4011 Элита сор­тын, «Бахытжан» өндірістік кооперативі («Ақ алтын») 102 тонна R-I М-4011 сорты және 663 тонна R-II М-4011 сортын, «Кетебай» өндірістік кооперативі 250 тонна  R-I М-4011 және 147 тонна R-II М-4011 сортын, «Нұралы-Жол Ж» шаруа қожалығы 15 тонна «Память Ералиева» атты элита және 70 тонна R-I тұқымдық сортын, «AIIG Kazakstan» ЖШС (Нимекс) 190 тонна С-4727 кондициялық, сондай-ақ «Корпорация Евразия» ЖШС 150 тонна С-4727 кондициялық сортты шит дайындады.

Тұқымдық шиттің қазіргі таңдағы сатылым бағасы Элита сорты – 350 теңге, R-I – 300 теңге,  R-II -280 теңге  және кондициялық шит 250 теңге болып отыр.

Тұқымдық шитті жоғарыда көрсетілген ЖШС және өндірістік кооперативтерден ала аласыздар.

А.ТАСТАНБЕКОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған