• ЖАҢАЛЫҚТАР

    ТРАКТОР ТІРКЕМЕЛЕРІН ШЫҒАРАДЫ

    Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылдық округі, Қоңырат елді мекеніндегі «АШМ сервис Орталығы» өндірістік кооперативінде мақта шикізатын тасымалдауға арналған және өздігінен жүк түсіретін 2ПТСХ-10-45 модельді трактор тіркемелерін шығаратын шағын өндіріс іске қосылды. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерция­ландыру туралы Қазақстан Республи­касының Заңын іске асыру барысында өткен «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы тарапынан қаржыландырған жоба тұсаукесерін М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми жұмыстар және инновация ісі жөніндегі проректоры Марат Сатаев жүргізіп отырды. Жиын барысында «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазиев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жоспарының 64-ші қадамын орындау шеңберінде іске асырылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтті. Сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов, ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    Тұқымдық шитті қайдан алуға болады?

    Биылғы жыл көктемі ерте шығып келеді. Ауданы­мыздағы ауыл шаруашылығының негізі – мақта дақылы. Сондықтан да диқандарды тұқымдық шитті қайдан, қандай бағада аламыз деген сұрақ мазалайды. Осы орайда біз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен тұқымдық шит жөнінде мәлімет сұратқан болатынбыз. Бүгінгі таңда «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС 63 тонна М-4011 Элита сор­тын, «Бахытжан» өндірістік кооперативі («Ақ алтын») 102 тонна R-I М-4011 сорты және 663 тонна R-II М-4011 сортын, «Кетебай» өндірістік кооперативі 250 тонна  R-I М-4011 және 147 тонна R-II М-4011 сортын, «Нұралы-Жол Ж» шаруа қожалығы 15 тонна «Память Ералиева» атты элита және 70 тонна R-I тұқымдық сортын, «AIIG Kazakstan» ЖШС (Нимекс) 190 тонна С-4727 кондициялық, сондай-ақ «Корпорация Евразия» ЖШС 150 тонна…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    Оқу-жаттығу дайындығы өтті

    Жақында Жетісай ауданында «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына, аудандағы барлық мекемелердің төтенше жағдайларға дайындығы тексерілді. Оқу-жаттығудың тақырыбы – «Көктемде төтенше жағдайларды жою кезіндегі азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау». Дайындық шарасы Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі бойында орналасқан «Еңбек ЛТД» ЖШС зауыты алдында өтті. Оған Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің құрылымдары, яғни байланыс қызметі, медицина қызметі, сауда қызметі, жанар-жағар май материалдары қызметі, көлік қызметі, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі, инженерлік қызметі, жолдар мен көпірлер қызметі, шұғыл әрекет ету жасағы, «ҚазТрансгазАймақ» АҚ филиалы, энергетика қызметі, өртке қарсы қызметі, қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі және радиациялық және химиялық қорғау қызметі жиналды. Іс-шара барысында көктем кезеңіндегі аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    Жазасын өтегендерге әлеуметтік көмек көрсетіледі

    Тағдырдың жазуымен аяғын шалыс басып, опық жеп, темір тордың арғы жағындағы тұманды өмірдің ащы дәмін тартқан жазаланушылардың бостандыққа шыққандағы өмірі, олардың хал-күй қандай болмақ? Қоғамдық өмірден шартты мерзімге оқшауланған соталушыларды ендігі жерде қоғам қалай қарсы алмақ? Оларға қандай шектеулер мен қолдаулар бар? Осы сұрақтар төңірегінде жақында Жетісай аудандық әкімдігінде аудандық пробация бөліміне тіркелген азаматтарды әлеумет­тік қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын­ды ашқан аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков  аудандағы  қылмыстық жазасын өтеп шыққан және шартты мерзімде жазасын өтеп жатқан азаматтарға  мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар бар екенін түсіндіріп өтті. – Пробация бөліміне тіркелген азаматтардың барлығын ауыр қылмыс жасаған қылмыскер деп қарау дұрыс емес пікір. Олардың арасында байқамай  шалыс басқандары да бар.…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    Балықшылар балық аулап жарысты

    Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен әуесқойлар арасында 2 күндік балық аулау сайысы өтті. Жарысқа Түркістан облысының түкпір-түкпірінен 30-ға жуық команда мен 100-ге жуық балықшы қатысты. Сайыс Шардара су қоймасының жағалауында өтті. Білек сыбана кіріскен  балықшылардың  қармағына бұл күні су жануары айтарлықтай дес бере қоймады. Мамандардың айтуынша бұған ауа-райының күрт төмендеуі себеп болған. Соған қарамастан балықшылардың меселі түспеді. Алғашқы балық 20 қазан күні түнгі сағат 22-00 шамасында қармаққа ілініп, аудандық білім бөлімінің қызметкерлерінен жасақталған «Батыл» командасы есеп ашты. Осылайша, жарыстың қорытындысы бойынша  «Нұрлы әлем» командасы жеңіске жетіп, балық аулау құралдары мен 30 мың теңге сыйақы табыс етілді. Келесі жүлделі орын «Батыл» командасына бұйырып, балық аулауға қажетті құрал-саймандар мен 25 мың…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖЕТІСАЙДА ЛИМОН ПІСТІ

    Атамекен ауылдық округінде  2015 жылы 15 соттық жылыжайға тәжірибе ретінде  егілген лимон көшеттері бүгінде алғашқы жемісін беріп, әр түптен 10 келіге жуық өнім алынуда. Округтегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығына арнайы барған аудан әкімі Жамантай Қанайұлы көшет бағын аралап көріп, алдағы уақытта лимонмен қатар шабдалы, құрма ағаштары мен шайлы роза көшеттерін көбейтуге кеңес берді. Жалпы, қазіргі таңда аталмыш қожалық иелігіндегі 17 гектардың  6 гектарында шабдалының 1200 «Супер лола», 1000 түп «Халима» сорттары, 2 гектарында құрма, 15 соттығында лимон, сондай-ақ, 80 мың түп шайлы роза көшеттері егілген. Қожалық төрағасы Мұрат Жұмабеков алдағы жылы лимон бағының көлемін 20 соттыққа дейін арттыруды жоспарлап отыр. «Мамандардың айтуынша бұл жеміс түрі 25-30 жылға дейін өнім береді екен.…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    БАЛАЛЫ АУЫЛҒА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

    Атамекендіктер үшін аптаның басы жағымды жаңалығымен басталды. Округке қарасты Мақташы ауылында 125 орындық «Гүлсін ана» балабақшасы ашылып, лентасы қиылды. Салтанатты шарада ауыл тұрғындарының қуанышын бөліскен  аудан әкімі Ж.Бейсенбаев: «Бүгінде Жетісай ауданында 20 мемлекеттік, 137 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Бұл көрсеткішті  бүгін тағы бір балабақша толықтырып отыр.  Жалпы, ауданда мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 95 пайызды құрайды. Алдағы уақытта да бірнеше балабақшаның құрылысы жүргізіледі» деді. Жаңа мекеменің құрылтайшысы, жеке кәсіпкер  Құттыбек Елтоқов  ауыл тұрғындарының сұранысына орай 2016 жылы құрылысты бастаған. Қазіргі таңда пайдалануға берілген бақшада 125 балғын тәрбиеленіп, 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылуда. Шара барысында аудан басшысы балабақша ішін аралап көріп, балаларды тамақтандыруда аса мұқият болуды ескертті. «ЖЕТІСАЙ-АҚПАРАТ».

  • ЖАҢАЛЫҚТАР,  саясат,  спорт,  экономика

    Жетісай ауданында «Ақ керуен -2018» агрошарасы ұйымдастырылды

    Бүгін Асықата кентінде Жетісай және Мақтаарал ауданындарының ұйымдастыруымен  «Ақ керуен – 2018» агрошарасы өтті.  Аталған жиынға  Жетісай ауданының  әкімі Жамантай Бейсенбаев, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, мақта өңдеу зауыттарының басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. «Ақ керуен-2018» шарасы былтырғыдан өзгеше ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламамен түңлігі түрілген жиынды Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев сөз сөйлеп ашып, жиналғандарды күзгі жиын-терім науқанын жоғары деңгейде ұйымдастыруға  шақырды. « Құрметті жерлестер, қадірменді шаруалар мен зауыт басшылары! Сіздерді бүгінгі «Ақкеруен-2018» агрошарасымен шын жүрекпен құттықтаймын. Биыл Жетісай ауданы үшін өте табысты жыл болды. Ауыл шаруашылық саласында ауыз толтырып айтатын жетістіктеріміз бар. Бұл осы өңірдің еңбекқор шаруаларының арқасы. Енді міне, күзгі мақта жинау науқаны басталды. Биыл Жетісай ауданында 48 мың…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    Қоғалы ауылы көгілдір отынмен қамтылмақ

    Таяу күндері Жетісай ауданы Атамекен ауыл округіне қарасты Қоғалы ауылындағы 136 отбасы көгілдір отынмен қамтылмақ.  Бұл мақсатқа 2017 жылы облыстық бюджеттен 87 млн 219 мың теңге бөлініп,  ұзындығы 8,69 шақырымды құрайтын газ құбырлары тартылған болатын.  Сондай-ақ, әр абономентке жобаға сәйкес газ реттеуіш бекеттері орнатылды. Енді бірер күнде Қоғалы ауылының тұрғындары толығымен көгілдір отынға қол жеткізбек.

  • әлем,  әлеумет,  БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР,  ЖАҢАЛЫҚТАР,  мәдениет,  саясат,  спорт,  фото,  экономика

    Аудандық мәслихаттың сессиясы өтті

    Бүгін Жетісау аудан әкімдігінде аудан әкімі Ж. Бейсенбаевтың қатысуымен   аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымындағы кезектен тыс ІII сессиясы өтті. Оған аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ұйымдар мен мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияға аудандық мәслихат депутаты Ж. Серқұл төрағалық етті.