• БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    СЫРЛЫ СӨЗДІҢ САҢЛАҒЫ жазушы-журналист Жолбарыс Тілеуұлы – 70 жаста

    Биыл шуақты сәуірдің 9-жұлдызында қадірлі де қымбатты ағамыз жазушы-журналист, Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы Жолбарыс Тілеуұлы 70 жасқа толады. Осы бір мерейлі қуанышты сәтте жарты ғасырдан бері баспасөзде үздіксіз қалам тербеп келе жатқан, қазақ сөзінің қадірін ұлықтаған, ұлағаты ұшан-теңіз, тағылымы дара ұстазымыз жайында әңгіме өрбітуді жөн көрдік. Сонау сексенінші жылдары Біздер, Киров аудандық «Коммунистік еңбек» газетінің есігін имене ашып, жұмысқа енді кіріскен кезімізде Жолбарыс аға редакциядағы қаламы үшкір, ойы ұтқыр, тәжірибелі журналистердің бірі еді. Бұған дейін журналистиканың біраз баспалдағынан өтіп, онжылдық орта мектепті бітірісімен аудандық газетте еңбек жолын корректорлықтан бастап, тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, Қазақстанның үш ауданы Өзбекстан қарамағына өткен жылдары Cырдария облыстық телерадио комитетінде радиода редактор болып…

  • БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ҰН НЕГЕ ҚЫМБАТТАП ЖАТЫР?

    «Айлық жалақы, зейнетақы немесе жәр­демақы көбейеді» деген сыңайдағы жылт еткен жаңалықты құлағы шалғанда алақанын ысқы­лап алдымен қуанатындар – саудагерлер. Се­бебі, әлгіндей хабардың шеті шыққаннан ба­зар­лар мен дүкендердегі азық-түлік бағасының бір­ден көтерілуі әдетке айналған. Бұған қара­пайым халықтың еті үйреніп кеткен. Қайта олар айлық жалақысының көбейгеніне қуанбастан, базардағы нарықтың бағасын ойлап қын­жы­ла­тын дәрежеге жеткен. Тіпті, қазір «әр балаға 21 мың теңге жәрдемақы беріледі» деген ақпар тарағалы бері ел арасында түрлі «болжамдар» желдей есті. Соның бірі – азық-түлік бағасының жуық арада күрт қымбаттайтыны туралы тұжырым. Осының айтылуы мұң екен, «бол­жау­шылардың» тұспалдауы дөп келіп, шынында да алдымен ең керекті азық-түлік – ұн бағасы қымбаттап шыға келді. Сол екен ұннан жасалатын нан, макарон өнімдерінің құны…

  • БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ туған жерге тағзым етті

    Таяуда жастар арасында бокстан әлем чемпионы болған Садриддин Ахметов кіндік қаны тамған жері жетісайдың киелі топырағына қайта аяқ басып, «ақ алтынды» туған өлкесіне тағзым етті. Сонау құс ұшса қанаты талатын қияндағы Елордамыз Нұр-Сұлтаннан арнайы ат терлетіп келген төл перзентін аудан халқы ыстық ықыласпен, бауырмалдықпен, сағынышпен қарсы алды. Алдымен, аудан басшысы Жамантай Бейсенбаевтың қабылдауында болды. Әрбір шаршы алаңға шығып, қарсыласын әп сәтте-ақ сұлатып құлатқанда  «бұл қай бала еді?..» деп жас батырдың ерлігіне тамсанғандарға «Жетісайдың баласымын» деп атойлаған Садриддинге Жамантай Қанайұлы аудан жұртшылығы атынан алғысын білдіріп, алдағы күннің еншісіндегі жеңістерінде де Жетісайдың атын асқақтата беруіне тілеулестігін жеткізді. Осындай елдің атын әлемге танытып, Туымызды көкке желбіреткен оғланды дүниеге әкеліп, тәлімді тәрбие бере білген…

  • БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕСТІ БҮГІННЕН БАСТАУ КЕРЕК

    Кешегі сәрсенбіде Жетісай ауданы әкімдігі, «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» және «Жетісай» био­фабрикасының ұйымдастыруымен «Мақта дақылының аса қауіпті зиянкестеріне қарсы биологиялық күрес әдістерін дамыту» тақырыбындағы семинар-кеңес болып өтті. Мұнда биологиялық тәсілдің жетістіктері мен қолданудағы кемшіліктері туралы, сонымен қатар ағымдағы ауа-райы жағдайына байланысты зиянкестермен биологиялық күрес әдістерін тиімді ұйымдастыра отырып, Жетісай, Мақтаарал аудандарында мақтаның өнімділігін арттыру жолдары қаралды. Семинарға Жетісай ауданының әкімі Ж.Бейсенбаев, Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» бас директоры, академик И.Үмбетаев, Өзбекстан Республикасы өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты А.Сагдуллаев қатысып, семинарда келелі мәселелерді көтерді. Алғаш сөз алған аудан әкімі Ж.Бейсенбаев: – Биылғы жыл зиянкестерге қолайлы жыл болайын деп тұр. Қыста күн…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    ТРАКТОР ТІРКЕМЕЛЕРІН ШЫҒАРАДЫ

    Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылдық округі, Қоңырат елді мекеніндегі «АШМ сервис Орталығы» өндірістік кооперативінде мақта шикізатын тасымалдауға арналған және өздігінен жүк түсіретін 2ПТСХ-10-45 модельді трактор тіркемелерін шығаратын шағын өндіріс іске қосылды. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерция­ландыру туралы Қазақстан Республи­касының Заңын іске асыру барысында өткен «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы тарапынан қаржыландырған жоба тұсаукесерін М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми жұмыстар және инновация ісі жөніндегі проректоры Марат Сатаев жүргізіп отырды. Жиын барысында «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазиев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жоспарының 64-ші қадамын орындау шеңберінде іске асырылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтті. Сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов, ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының…

  • Uncategorized

    БӘРІ ДЕ ЖАЛА… бас дәрігер Б.Өтеулиеваның жауабы осындай болды

    Жақында аудан әкімдігінде бұқаралық ақпарат құралдарының баспасөз конференциясының жалғасы өтті. Бұл жолы халық көкейіндегі түйіні тарқалмаған түйткілді сұрақтарға Асықата ауруханасының бас дәрігері Бағила Өтеулиева жауап берді. Сонымен баспасөз жиынына  әдеттегідей «7 сыр» газетінің  редакторы Жаппар Ғаппар, «Санұр» телеарнасының директоры Гүлмира Саржанова, «Жетісай жаңалықтары» газетінің редакторы Ақерке Бақтыбаевалар қатысты. Адам жанының арашашысы немесе ақ желеңді абзал жан атанып жүрген  дәрігерге сұрақтар легі аз болмады. Дегенмен, қаншама тосын сұрақтар босла да Бағила ханым мүдірмей жауап беруге тырысып бақты. Алдымен «Өзін атағысы келмеген Асықата ауруханасының қызметкері 2018 жылы зейнетақы қорына жалақыдан ұсталғанымен, аударылмаған деді. Не себепті аударылмады және Сізге бұл мәселе бойынша әріптестеріңіздің шағымы болды ма?» деген сауалымызға дәрігер «Бұл жалған ақпарат болуы…

  • Uncategorized

    БӘРІ ДЕ ЖАЛА… бас дәрігер Б.Өтеулиеваның жауабы осындай болды

    Жақында аудан әкімдігінде бұқаралық ақпарат құралдарының баспасөз конференциясының жалғасы өтті. Бұл жолы халық көкейіндегі түйіні тарқалмаған түйткілді сұрақтарға Асықата ауруханасының бас дәрігері Бағила Өтеулиева жауап берді. Сонымен баспасөз жиынына  әдеттегідей «7 сыр» газетінің  редакторы Жаппар Ғаппар, «Санұр» телеарнасының директоры Гүлмира Саржанова, «Жетісай жаңалықтары» газетінің редакторы Ақерке Бақтыбаевалар қатысты. Адам жанының арашашысы немесе ақ желеңді абзал жан атанып жүрген  дәрігерге сұрақтар легі аз болмады. Дегенмен, қаншама тосын сұрақтар босла да Бағила ханым мүдірмей жауап беруге тырысып бақты. Алдымен «Өзін атағысы келмеген Асықата ауруханасының қызметкері 2018 жылы зейнетақы қорына жалақыдан ұсталғанымен, аударылмаған деді. Не себепті аударылмады және Сізге бұл мәселе бойынша әріптестеріңіздің шағымы болды ма?» деген сауалымызға дәрігер «Бұл жалған ақпарат болуы…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    Тұқымдық шитті қайдан алуға болады?

    Биылғы жыл көктемі ерте шығып келеді. Ауданы­мыздағы ауыл шаруашылығының негізі – мақта дақылы. Сондықтан да диқандарды тұқымдық шитті қайдан, қандай бағада аламыз деген сұрақ мазалайды. Осы орайда біз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен тұқымдық шит жөнінде мәлімет сұратқан болатынбыз. Бүгінгі таңда «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС 63 тонна М-4011 Элита сор­тын, «Бахытжан» өндірістік кооперативі («Ақ алтын») 102 тонна R-I М-4011 сорты және 663 тонна R-II М-4011 сортын, «Кетебай» өндірістік кооперативі 250 тонна  R-I М-4011 және 147 тонна R-II М-4011 сортын, «Нұралы-Жол Ж» шаруа қожалығы 15 тонна «Память Ералиева» атты элита және 70 тонна R-I тұқымдық сортын, «AIIG Kazakstan» ЖШС (Нимекс) 190 тонна С-4727 кондициялық, сондай-ақ «Корпорация Евразия» ЖШС 150 тонна…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    Оқу-жаттығу дайындығы өтті

    Жақында Жетісай ауданында «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына, аудандағы барлық мекемелердің төтенше жағдайларға дайындығы тексерілді. Оқу-жаттығудың тақырыбы – «Көктемде төтенше жағдайларды жою кезіндегі азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау». Дайындық шарасы Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі бойында орналасқан «Еңбек ЛТД» ЖШС зауыты алдында өтті. Оған Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің құрылымдары, яғни байланыс қызметі, медицина қызметі, сауда қызметі, жанар-жағар май материалдары қызметі, көлік қызметі, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі, инженерлік қызметі, жолдар мен көпірлер қызметі, шұғыл әрекет ету жасағы, «ҚазТрансгазАймақ» АҚ филиалы, энергетика қызметі, өртке қарсы қызметі, қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі және радиациялық және химиялық қорғау қызметі жиналды. Іс-шара барысында көктем кезеңіндегі аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше…

  • Uncategorized

    ОҚУШЫ НЕГЕ САБАҚҚА ҚЫЗЫҚПАЙДЫ немесе заманауи жастар қалай тәрбиеленуде?

    Барлық бала бірдей емес. Біреу табиғатынан дарынды зерек, ал біреулер қай нәрсеге де құлықсыз, еріншек, жалқау, енді біреулері дарынсыз болса да жанталасып, барынша тырысып бағады. Жалпақ тілмен айтқанда әр адамның  жаратылысында өзіндік ерекшеліктер бар. Дегенмен, барлық балаларға ортақ дүние бар. Ол-білім. Баланың жасы алтыға жеткенде өзі қатарлы бүлдіршіндермен бірге мектеп табалдырығын аттауы тиіс. Әйтсе де, бір сыныпта қанша бала болса сонша мінезді көресің. Табиғаты қандай болса да ортақ сабаққа ілесе алуы керек. Міне, осы кезден бастап оқушылар үлгілі, жақсы, орташа, үлгерімі нашар дегендей түрлі деңгейдегі жікке бөліне бастайды. Мұғалімдердің де оқушыға деген  көзқарасы осы сәттерден қалыптасады. Бір сыныпта 20 бала болса оның ішіндегі жақсы оқитын 4-5-еуі ғана мұғалімнің ыстық ықыласына…