• Мәселе

    МҰРАТБЕК ЦИТРУСТЫ ЖЕМІС ӨСІРУДЕ

    Ілгеріде сауда орындарында Қытай мен Ташкенттің лимоны қатар тұрса, сөзсіз ала тақиялы ағайындардың өнімін таңдайтынбыз. Өйткені, оның қабығы жұқа әрі дәмі де ерекше болады. Осындайда «Көрші ел лимон өсіргенде, бізде неге бұл өнім өндірілмейді? Әлде қазақ – жалқау деген сөздің рас болғаны ма?» деген сұрақ іштей кесе көлденеңдейтін. Бұл ойымызды жетісайлық диқандарымыз бұзып жарды. Енді бұрынғыдай өзге елдің витаминді сары жемісіне телмірмей,  дүкен сөрелерінен өзіміздің «Жетісайдың лимонын» сұрайтын болдық. Бұл сөзімізге Атамекен ауыл округіндегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының лимон бағы дәлел. Биыл алғаш рет сауда нарығына шыққан Жетісай лимоны жергілікті базарлардан бөлек, көршілес Ресей мемлекетінің нарығына аттанды. Дәмі айырықша бұл өнімге деген сұраныс та мол. Осы орайда ауданымызда тұңғыш рет лимон…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    Жазасын өтегендерге әлеуметтік көмек көрсетіледі

    Тағдырдың жазуымен аяғын шалыс басып, опық жеп, темір тордың арғы жағындағы тұманды өмірдің ащы дәмін тартқан жазаланушылардың бостандыққа шыққандағы өмірі, олардың хал-күй қандай болмақ? Қоғамдық өмірден шартты мерзімге оқшауланған соталушыларды ендігі жерде қоғам қалай қарсы алмақ? Оларға қандай шектеулер мен қолдаулар бар? Осы сұрақтар төңірегінде жақында Жетісай аудандық әкімдігінде аудандық пробация бөліміне тіркелген азаматтарды әлеумет­тік қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын­ды ашқан аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков  аудандағы  қылмыстық жазасын өтеп шыққан және шартты мерзімде жазасын өтеп жатқан азаматтарға  мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар бар екенін түсіндіріп өтті. – Пробация бөліміне тіркелген азаматтардың барлығын ауыр қылмыс жасаған қылмыскер деп қарау дұрыс емес пікір. Олардың арасында байқамай  шалыс басқандары да бар.…

  • әлеумет

    ДЕНСАУЛЫҒЫМЫЗДЫ ОЙЛАСАҚ – ҚАҒАЗ ҚАЛТАҒА КӨШЕЙІК

    БАЛА КҮНІМІЗДЕ АНАМЫЗДЫҢ ҚОЛЫНАН ҚОЛДАН ТІГІЛГЕН МАТА СӨМКЕНІ КӨРГЕНДЕ ЖҮЗІМІЗ ЖАЙРАҢ ҚАҒА ҚУАНУШЫ ЕДІК. ӨЙТКЕНІ, СОЛ СӨМКЕМЕН БАЗАРҒА БАРЫП, ҮЙГЕ КЕРЕКТІ ЗАТТАРҒА ҚОСА ТӘТТІЛЕРДІ ӘКЕЛЕТІНІН БАЛАҢ ЖҮРЕГІМІЗ СЕЗЕТІН-ДІ. АНАЛАРЫМЫЗДЫҢ ҚАНТ, НАУАТТАРДЫ САЛЫП ҚОЯТЫН БӨЛЕК ҚАЛТАША ТІГІП ҚОЯТЫНЫН ДА КӨЗІМІЗ КӨРДІ. АЛ БҮГІНДЕ БАЗАРҒА НЕ ДҮКЕНГЕ БАРАТЫН ЖҰРТ СӨМКЕ ІЗДЕМЕЙДІ. ДҮКЕНДЕРДІҢ БАРЛЫҒЫНДА САТЫП АЛҒАН ТАУАРЫҢЫЗДЫ ТЕГІН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТ НЕМЕСЕ ЦЕЛЛОФАНҒА САЛЫП БЕРЕДІ. ҚОЛДАНУҒА ҚОЛАЙЛЫ БОЛҒАНДЫҚТАН МҰНДАЙ ДОРБАЛАРДЫ ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ КӘДЕМІЗГЕ ЖАРАТАТЫНЫМЫЗ РАС. АЛАЙДА, ОНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТИГІЗЕР ЗАЛАЛЫН ОЙЛАНА БЕРМЕЙМІЗ. Соңғы кездері баспасөз беттерінде полиэтилен пакеттердің зияны туралы жиі жазылып жүр. Мәселен, осы жылдың басында республикалық «Түркістан» газетінде «Қазаққа қағаз сөмке жат емес» атты тақырыптағы мақала жарық көрді. Онда…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    Балықшылар балық аулап жарысты

    Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен әуесқойлар арасында 2 күндік балық аулау сайысы өтті. Жарысқа Түркістан облысының түкпір-түкпірінен 30-ға жуық команда мен 100-ге жуық балықшы қатысты. Сайыс Шардара су қоймасының жағалауында өтті. Білек сыбана кіріскен  балықшылардың  қармағына бұл күні су жануары айтарлықтай дес бере қоймады. Мамандардың айтуынша бұған ауа-райының күрт төмендеуі себеп болған. Соған қарамастан балықшылардың меселі түспеді. Алғашқы балық 20 қазан күні түнгі сағат 22-00 шамасында қармаққа ілініп, аудандық білім бөлімінің қызметкерлерінен жасақталған «Батыл» командасы есеп ашты. Осылайша, жарыстың қорытындысы бойынша  «Нұрлы әлем» командасы жеңіске жетіп, балық аулау құралдары мен 30 мың теңге сыйақы табыс етілді. Келесі жүлделі орын «Батыл» командасына бұйырып, балық аулауға қажетті құрал-саймандар мен 25 мың…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖЕТІСАЙДА ЛИМОН ПІСТІ

    Атамекен ауылдық округінде  2015 жылы 15 соттық жылыжайға тәжірибе ретінде  егілген лимон көшеттері бүгінде алғашқы жемісін беріп, әр түптен 10 келіге жуық өнім алынуда. Округтегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығына арнайы барған аудан әкімі Жамантай Қанайұлы көшет бағын аралап көріп, алдағы уақытта лимонмен қатар шабдалы, құрма ағаштары мен шайлы роза көшеттерін көбейтуге кеңес берді. Жалпы, қазіргі таңда аталмыш қожалық иелігіндегі 17 гектардың  6 гектарында шабдалының 1200 «Супер лола», 1000 түп «Халима» сорттары, 2 гектарында құрма, 15 соттығында лимон, сондай-ақ, 80 мың түп шайлы роза көшеттері егілген. Қожалық төрағасы Мұрат Жұмабеков алдағы жылы лимон бағының көлемін 20 соттыққа дейін арттыруды жоспарлап отыр. «Мамандардың айтуынша бұл жеміс түрі 25-30 жылға дейін өнім береді екен.…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    БАЛАЛЫ АУЫЛҒА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

    Атамекендіктер үшін аптаның басы жағымды жаңалығымен басталды. Округке қарасты Мақташы ауылында 125 орындық «Гүлсін ана» балабақшасы ашылып, лентасы қиылды. Салтанатты шарада ауыл тұрғындарының қуанышын бөліскен  аудан әкімі Ж.Бейсенбаев: «Бүгінде Жетісай ауданында 20 мемлекеттік, 137 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Бұл көрсеткішті  бүгін тағы бір балабақша толықтырып отыр.  Жалпы, ауданда мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 95 пайызды құрайды. Алдағы уақытта да бірнеше балабақшаның құрылысы жүргізіледі» деді. Жаңа мекеменің құрылтайшысы, жеке кәсіпкер  Құттыбек Елтоқов  ауыл тұрғындарының сұранысына орай 2016 жылы құрылысты бастаған. Қазіргі таңда пайдалануға берілген бақшада 125 балғын тәрбиеленіп, 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылуда. Шара барысында аудан басшысы балабақша ішін аралап көріп, балаларды тамақтандыруда аса мұқият болуды ескертті. «ЖЕТІСАЙ-АҚПАРАТ».

  • БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖИЫН-ТЕРІМ ҚЫЗЫП ТҰР

    Ауа-райының әрбір ашық күнін тиімді пайдалануды мақсат еткен диқан қауымы бүгінде “ақ алтынды” қырманды толтыруда. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бүгінгі мәліметі бойынша 48226,8 гектар мақтаның 41629,5 гектары теріліп, қырманға 102284,4 тонна «ақ алтын» түсті. Қабылдау бекеттері мен зауыттарға жеткізілген мақтаның дені терім комбайнмен жиналған. Биыл өткен жылға қарағанда мақтаны комбайнмен жинау үлесі артып келеді. Бүгінгі таңда ауданымызда 199 «ХНП-18, Джон-Дир» мақта терім комбаиндары алқапта мақта терсе, 5621 терімшіден құралған 303 бригада қарқынды жұмыс істеуде. Қазір бір күнде 1733 гектар жерден 6183,9 тонна өнім терілуде. А.ӘЗІМБЕКҰЛЫ.

  • БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

    Жетісай ауданы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының тағы бір кезекті отырысы өтті. Десе де, бұл жолы бір бума  қағазға үңіліп, көпшілікті жалықтыратын баяндамашылар легі байқалмады. Басқосу ашық пікір алмасу аясында өрбіді. Жиынды аудан басшысы, комиссия төрағасы Жамантай Қанай­ұлының өзі басқарып, жүргізді. Сондай-ақ, жиынға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ұлттық бюросының Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Ержан Жүнісов, аудан прокуроры Нұрғали Асқанбеков, аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Бауыржан Жанаевтар ар­найы қатысты. Және де аудандағы мектеп басшылары мен ата-аналар комитеті төрағалары,  ауылдық округ әкімдері арнайы шақырылған. Аудан әкімі Ж.Бейсенбаев: «Арсыздықпен ортамызға жегі құрт болып енген жемқорлықты түбегейлі жоюдың шын мәніндегі тиімді жолдары қайсы? Мұндай басқосулар аудан көлемінде алғаш рет өтіп жатқан жоқ.…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР,  саясат,  спорт,  экономика

    Жетісай ауданында «Ақ керуен -2018» агрошарасы ұйымдастырылды

    Бүгін Асықата кентінде Жетісай және Мақтаарал ауданындарының ұйымдастыруымен  «Ақ керуен – 2018» агрошарасы өтті.  Аталған жиынға  Жетісай ауданының  әкімі Жамантай Бейсенбаев, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, мақта өңдеу зауыттарының басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. «Ақ керуен-2018» шарасы былтырғыдан өзгеше ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламамен түңлігі түрілген жиынды Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев сөз сөйлеп ашып, жиналғандарды күзгі жиын-терім науқанын жоғары деңгейде ұйымдастыруға  шақырды. « Құрметті жерлестер, қадірменді шаруалар мен зауыт басшылары! Сіздерді бүгінгі «Ақкеруен-2018» агрошарасымен шын жүрекпен құттықтаймын. Биыл Жетісай ауданы үшін өте табысты жыл болды. Ауыл шаруашылық саласында ауыз толтырып айтатын жетістіктеріміз бар. Бұл осы өңірдің еңбекқор шаруаларының арқасы. Енді міне, күзгі мақта жинау науқаны басталды. Биыл Жетісай ауданында 48 мың…

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    Қоғалы ауылы көгілдір отынмен қамтылмақ

    Таяу күндері Жетісай ауданы Атамекен ауыл округіне қарасты Қоғалы ауылындағы 136 отбасы көгілдір отынмен қамтылмақ.  Бұл мақсатқа 2017 жылы облыстық бюджеттен 87 млн 219 мың теңге бөлініп,  ұзындығы 8,69 шақырымды құрайтын газ құбырлары тартылған болатын.  Сондай-ақ, әр абономентке жобаға сәйкес газ реттеуіш бекеттері орнатылды. Енді бірер күнде Қоғалы ауылының тұрғындары толығымен көгілдір отынға қол жеткізбек.