Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының бекіткен кестесіне сәйкес Жетісай ауданында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселері бойынша заңнамалардың тиісті нормаларын» аудан шаруашылары мен жеке азаматтарға түсіндіру, биогумус өнімдерін өндіру және пайдалану жолдарын түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өтті.
Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев төрағалық еткен жиынға Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы Құралбай Байдалиев, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мұсахан Даулетов, Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров, ҚР АШМ АӨК МИК Жетісай аудандық аумақтық инспекция басшысы Сейтмұхамед Сейтсұлтанов, ҚР АШМ АӨК МИК «РФДжБӘО» Түркістан облысы Жетісай аудандық филиалының басшысы Қайрат Досаев, аудандық ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекция басшысы Ж.Маханбетбердиев, ҚР Вермифермерлер кооперацияларын дамыту комитетінің төрағасы Бақытжан Асембеков, «QazVerm» кооперативінің төрағасы Пернебек Тулғанбаев, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Марат Абуов, «ЫРЫС» МҚҰ ЖШС Жетісай аудандық менеджері Алмат Рысқұлов, ауылдық округі әкімдері мен жер мамандары, агроқұрылым басшылары мен биогумус өндіріуші азаматтар қатысты.
Басқосуда ҚР АШМ АӨК МИК Жетісай аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Сейтмухамед Сейтсултанов Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселері бойынша заңнамалардың тиісті нормаларын және карантидік арамшөптермен күресу тәсілдерін түсіндірсе, ҚР АШМ АӨК МИК «РФДжБӘО» Түркістан облысы Жетісай аудандық филиалының басшысы Қайрат Досаев ауыл шаруашылығы зиянкестері мен аса қауіпті зиянкестердің шығуының алдын алу шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы Құралбай Байдалиев болса мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал шаруашылығына берілетін жеңілдіктерді сөз етсе, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров агросектордағы түрлі жеңілдіктердің ауыл шаруашылығы министрі бекіткен ержелері мен заңдылықтары аясында берілетініне түсіндірді.
Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Марат Абуов аудандағы ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға, ҚР Вермифермерлер кооперацияларын дамыту комитетінің төрағасы Бақытжан Асембеков биогумус өнімдерін өндіру және қалай пайдалану тәсілдеріне тоқталды.
Жиын барысында семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
ЖЕТІСАЙ-АҚПАРАТ.