Жуырда «КҮНШУАҚ» бөбекжай- балабақшасында ортаңғы «Қарлығаш» тобына арналған (3 жастағы балалар) ашық ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы бойынша «Дастарқан жаю дәстүрі» атты ертеңгілік өтті.
Мақсаты – ұттық құндылықтарды дәріптей отырып ұлттық дәстүрлері ішінде дастархан жаюды үйрете отырып ұқыптылыққа дағдырдандыру. Қол моторикасын дамыту. Эстетикалық талғамдарын дамыту.
Алдымен сәлемдесу рәсімінде шаттық шеңберге тұрып:
Армысың, алтын күн,
Армысың, көк аспан,

Армысың, Жер ана,
Армысың, достарым!-деп балалар алдымен қоршаған ортамен, бір-бірімен амандасып алды.
Одан соң балалар менің қолымдағы түрлі-түсті ленталарды алып жоғарыға көтерді. Осылайша ленталармен қазақтың киіз үйінің шаңырағын жасады.
— Біз шаңырақты қайдан кездестіреміз?-деген сұрақтың жауабы түсіндірілді. Шаңырақ –бейбітшілік, қорғаныс және бірліктің символы, жайлы үйдің символы.
Балалар өздері құрастырған киіз үйдің ішіне жайғасып отырды.
Ашық ұйымдастырылған іс – әрекет барысы: Дастархан жаю дәстүрі. Қазақ халқы дастархан жайлы әңгімелеу. Балалар ыдыс-аяқтарды үстелге қалай қою керек екенін көрсету. Асқа отырар кезде ең алдымен қолды жуу керек. Кір қолмен тамақ жеуге болмайды. Кір қолда көптеген микробтар болады. Ал сабын мен су оларды тазалайды.
Үй іші дастархан басына жайғасар кезде жасы кішілер төмен жақта тұрып үлкен адамдар төрде отырып болғанша күте тұруы керек. Тамаққа үлкен адамдардан бұрын кірісуге болмайды. Асқа отырғанда, үйдегі үлкен адам наннан бастап «бисмилла» деп дәм татады. Тамақ ішерде бәріне «ас дәмді болсын» деп тілек білдіруі керек. Ал, тамақ ішіп болған соң бата береді.
«Ыдыс аққа толсын!
Ынтымақ- ырыс келсін!
Бақ, береке болсын!»
Келесі кезекте балалар топқа бөлініп ойын ойнады.
1-топ геометриялық бұрыштарды асық арқылы орындайды.
2-топ оюларды бір-бірімен беттестіреді.
3-топ қоржын тігіп безендіреді.
4-топ дастарқан жаю дәстүрін көрсетеді.
Ойыннан соң музыкамен серігіп алу үшін би биледі.
Шығармашылық ортада бастырма әдісі бойынша сурет салу арқылы үстінде- астында ұғымы түсіндірілді.
Балалар доп ойынын ойнап жарысады. Іс-әрекет барысында балаларды «Жәрайсың!» мақтап, силық беріп аяқтадық!
Ертеңгілік соңында балалар «Біз бүгін не жайында айттық?», «Біз қандай ыдыс –аяқтармен таныстық?», «Үстел басында өз-өзінді қалай ұстау керек?» деген сұрақтарға жауап берді.
Салтанат АКБАЕВА,
«КҮНШУАҚ» бөбекжай- балабақшасында тәрбиеші.