Мамандық таңдау – өмірдің ең қиын,әрі ең маңызды шешімдерінің бірі. Мамандық таңдау – сені үлкен өмірге жетелейтін көптеген баспалдақтардың алғашқысы. Дұрыс таңдалған мамандық – болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі.
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында, оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында «Мамандығым- мақтанышым!» атты кездесу кеші «№74 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілді. «№74 жалпы білім беретін мектеп» ашылғанына енді жылдан асты. Сондықтан «№68 Жібек жолы» мектебінен түлеп ұшқан түлектермен кездесу бұйырыпты.
Мақсаты – мектебімізден шыққан ұлы тұлғалардың мамандық таңдаудағы қазіргі елге сіңіріп жатқан еңбектері жайлы олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды үлкенді құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Әрбір мамандықтың қыр-сырларын түсіндіру.
Осы кездесу іс-шарасына мектеп түлектері болған, аудан көлемінде танымал тұлғалар – Мырзаханов Алладин Жетісай ауданының маслихат депутаты, Умирбаева Маржан Назарханқызы Жетісай қаласындағы қалалық емхананың педиатр дәрігері, Байназаров Нұрғали Айнабекович Атамекен ауылдық округының әкімі, Аймешов Жәнібек Оразтаевич, Алтауов Жеңіс Асанович мектеп директоры келді. Аға-әпкелеріміз мектебіміздің 9, 10, 11 сынып оқушыларына тәлім-тәрбиемен қоса, кәсіби бағдар алуға кеңес беріп, өз мамандықтарының қыр – сырлары туралы жан-жақты әңгімелеп берді.
Оқушыларымызға қонақтарымыздың өмір жолы, шығармашылық өмірі, жетістіктері жайлы бейнеролик көрсетіліп, өнеге алатын өмірі мен еңбек жолы таныстырылды. Қонақтарымызға сөз кезегіберілген соң, оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өздерін қызықтырған тақырыптар төңірегінде ақпараттар алды, өзара сұхбаттар жүргізді.
Сұхбат барысында адамдардың жеңіске жетіп, шыңға шығуы өзінің қолында. Тек дұрыс бағыт, бағдар алуы қажет. Осы отырған жас жеткіншектер келешекте жақсы маман иесі болу үшін біз аз да болса, өз үлесімізді қосқымыз келеді, – деді Нұрғали ағамыз.
Мамандық таңдау — өте жауапкершілікті және өте маңызды іс, мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ, өмірде дұрыс мамандық таңдау үшін оның арғы жағында үлкен еңбек пен ізденіс керек екенінде тілге тиек етті. Сондықтан еңбектің орнын алмастыра алатын құндылық жоқ. Өзіміз өмір сүріп отырған еліміздің экономикасын, әлеуметтік жағдайын көтеру адамдардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі екенін білеміз балалар. Осылай тынымсыз еңбек ету арқылы қазіргі таңда кәсіпкерлікті дамыту керектігін баса айтып өтті. Әрине, ол үшін үздіксіз оқуымыз қажет деп ой түйіндеді.
Өз кезегінде оқушыларымыз УмирбаеваМаржандәрігерімізге сұрақтар қойды. Кез-келген саналы баланы «Мен өскенде кім боламын?», «Қандай мамандықты таңдасам екен?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Осы орайда, Маржандәрігеріміз оқушыларға өз ойын білдірді. Мамандықты таңдау үшін , адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тану қажет деді. Алдымен өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» – деген сұрақ қойып, соған жауап іздеуі қажет. Мынау көпсалалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес екенін білемін. Ең бастысы- ерінбей оқу керек, зейінді болу қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне , таңдауы дұрыс, сенімді адам ғана жетістікке жетеді. «Неге арналсаң, соны істе» деп, Абай атамыз айтқандай, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн деп кеңес берді.
Сондай-ақ Жәнібек ағамызға оқушылар кәсіпкерлік жолын таңдайтын болсақ, келешеккеқандай жоспарлар құруға болатындығы жайлы сұрақ қойып, ой бөлісті. Әрине, бизнес жасау оңай емес, ол үшін жан жақты ізденіп, халыққа пайдалы болу керектігін айтып өтті. Сонымен қоса, жақсы маман болу өзі қалаған мамандығыңды таңдау мен соны меңгеруден басталады. Мамандық дегенде бұрынғы мен бүгінгіні салыстыруға келмейді. Бұрынғыдай жалпы жұртқа жаттанды санаулы мамандықтың да ғұмыры ұзақ емес. Тіпті, бір кездері табысты болған мамандық бүгінде ұмыт болған. Сондықтан мамандық таңдаудан жаңылмай, өмірдің бір кірпіші болып қалану әрбір жастың негізгі мақсаты болу керек деп өз сөзін аяқтады.
Кездесу барысында мектеп оқушылары концерттік бағдарлама ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ал мектеп директоры АлтауовЖеңіс қорытынды бөлімде кездесуге келген ағалармен жиналған қауымға ұжымның атынан ризашылығын білдіріп, жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, болашағына дұрыс бағыт сілтеу – қоғамға, ұстаздар мен ата аналарға ортақ міндет. Сол себепті де, бүгінгі кештегі ақыл-кеңес балаларымызға үлкен ой салып, болашақта қалаған мамандықтарын қателеспей табуына түрткі болады деп ойлаймыз. Ең қиын мамандық – адам боп қалу, мамандық таңдауда адаспай, адамдық биіктен аласармай, жақсы азамат болуларыңызға тілектеспіз!
Құрметті қонақтар, алтын уақыттарыңызды бөліп, мектебіміздің оқушыларымен жүздесіп өмір жолдарыңыз жайлы сыр – сұхбат бергендеріңізге үлкен алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі кештен оқушыларымыз үлгі – өнеге алары сөзсіз. Сіздереге толағай табыс, мықты денсауық тілейміз!
Перизат Тәңірберген,
«№74 жалпы білім беретін мектеп» КММ кәсіби бағдар беру маманы.