Ерекше білімді қажет ететін кедергісіз оқушыларды ортаға бейімдеу

Мектептерде  ерекше білімді қажет ететін оқушыларды ортаға бейімдеу үшін психологиялық- педагогикалық қолдау құрылды. Ерекше  білім беру жaғдaйындa ерекше білім беру қaжеттіліктері бaр oқушылaрды пcихoлoгиялық-педaгoгикaлық қoлдaу арқылы мамандармен  мaңызды жұмыс  aтқaрaмыз.   Менің ойымша   ерекше білім беру — әр оқушыны  түрлі жолдармен белсенді, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға  білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде жеңіл тапсырмалар мен  оқыту , оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейміз. Оқушыларымыз осы қолдаудың арқасында ортаға еш кедергісіз тез бейімделеді. Мектепте ерекше білімді қажет ететін   14 оқушы бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі болғандықтан, жеке және бейімделген бағдарламаларды пән мұғалімдерімен бірлесе отырып жасадық.

Жеке түзету сабақтардың басты мақсаты: әр сыныптағы оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беріп жатырмыз. Баланың ақыл — ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу  болып табылады.

Ерекше білімді қажет ететін оқушыларымызға негізгі пәндерден бағдарламаларын бейімдеп екі пәнді кіріктіру арқылы сабақ жоспарлармен жеңіл тапсырмалармен оқушыларға сабақ өтеміз. Кіріктіре- білім беру дегеніміз – қалып кеткен оқу мақсаттарының  және олқылықтардың орнын толтыру бойынша жеңілдетілген тапсырмалармен,  сондай ақ өз құрбыларымен қатар бір жалпы білім беру мекемесінде  білім алуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастырып отырмыз.Бұл жағдайда оқушыларымыздың  білім алудағы ерекше қажеттіліктерді ескеріп, өз оқушыларымызға  қажетті арнайы қолдауды жүзеге асырамыз. Қазіргі  таңда ерекше білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл — ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар.

Менің ойымша қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде арнайы педагогтың, педагог-логопедтің  түзете-дамыта оқыту, жеке, топтық сабақтары  біртіндеп  оқушының зейінін ашып, қана қоймай, ортаға кедергісіз бейімделуіне ықпал жасаймыз.

Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау арқылы,  ата-анасымен  кеңесе отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтаймыз, Оқушының  белгілі бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсетеміз, оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, өмір сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне көмектесеміз.  Психологиялық-педагогикалық қолдау бұл әрбір баланың мүмкіндігі мен қажетіне қарай әлеуметтік- психологиялық және педагогикалық жағдай жасауға бағытталған мамандар тобының қызметтерін қамтиды.

М.Бердібек,

«Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнайы педагогы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *