«КӨҢІЛДІ СТАРТ» эcтафеталық сайысы

Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды.

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең.

 Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

16 желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде Тәуелсізідік Туы желбіреді. Содан бері 33 жылға таяу уақыт өтті.

Тәуелсіздік мерекесіне орай Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «Ю.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлеттік мекемесінде 2024 жылдың 2-13 желтоқсан арасында өткізіліп жатқан «Тәуелсіздік – тұғырым» атты онкүндік жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушылары арасында «Көңілді старт» эcтафеталық спорттық сайыс өтті.

Бұл сайысты өткізудегі мақсатымыз – оқушылар арасында Тәуелсіздігімізді дәріптеу және Отанға деген патриоттық сезімін ояту. Сонымен қатар, өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау арқылы олардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беріледі.Спорттық іс-шаралар, атап айтқанда «Көңілді старт» эcтафеталық спорттық сайысы, оқушылардың дене белсенділігін арттырумен қатар, Отанға деген сүйіспеншілігін, жауапкершілігін және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулиды.

Эстафета 5 турдан тұрды.

І. «Жүгіру» эстафетасы

ІІ. «Зат тасымалдау» эстафетасы

ІІІ. «Допты» эстафетасы (баскетбол добын алып жүреді)

ІV. «Кедергілерден өту» эстафетасы

V. «Арқан тартыс» эстафетасы (командалық сайыс)

Эстафетаға 4 команда қатысты.

Ойын қорытындысы бойынша 4 «Д» сыныбы жүлделі І орынды, 4 «А» сыныбы жүлделі ІІ орын, 4 «В» және 4 «Г» сыныптары жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Ойын барысында оқушылар ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуын және өнерлерін, жан-жақтылығын көрсете білді.

Мұндай іс-шаралар арқылы жас ұрпақ өз елінің тәуелсіздігін, тарихын және мәдениетін тереңірек түсініп, патриоттық сезімдері қалыптасады.

Салауатты өмір салтын ұстану – бұл тек дене тәрбиесін қамтып қана қоймай, сонымен бірге адамның өзін-өзі бағалауы мен қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады. Спорттың қоғамдағы маңызы зор, өйткені ол балаларды тәртіпке, еңбекқорлыққа, жігерлілікке және өзіне деген сенімділікке тәрбиелейді. Спорттық сайыстар барысында оқушылар бір-бірімен күш сынасып, достық пен ынтымақтастықтың, сондай-ақ денсаулықтың құндылығын түсінеді.

Салауатты өмір салты мен спортты насихаттау тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтуға және Қазақстанның жарқын болашағы үшін жауапкершілікті ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады. Оқушылар өздерінің жеңістеріне жетіп, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігіне деген құрметін көрсете отырып, елді дамыту мен нығайтуға үлес қосатын болашақ азаматтар ретінде қалыптасады.

Бекарыс Матжанов,

«Ю.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *