Ұстаз қандай болса қоғамы сондай

Жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болады. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндетті тұр.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазіргі заман талабына сай баланың жан-жақты ізденуіне жол ашады.

«Ұстаз қандай болса қоғамы сондай» деген бұлжымас заңдылық қай қоғамда да көкейкесті. Сондықтан да бүгінгі күннің өзекті мәселесі-педагогтердің құзыреттілігін үзіксіз дамыту. Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тәрбие – білім беру үрдісін модельдей алатын, тәрбие беру және білім берудің жеке технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру – өзекті мәселе, себебі, біріншіден, кәсіби құзыретті мұғалім мектептің тәрбие-білім беру процесінде шығармашыл оқушылардың қалыптасуына дұрыс әсер етеді; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктерінің іске асуына ықпал жасайды.

Осы жоғарыда айтылғанның бәрі басқару қызметіне стратегиялық және инновациялық ойы дамыған, басқару мәселелерін шешуге қабілеті жеткілікті, жаңа технологияларды игерген. Команда құрамында жұмыс істей алатын, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, қарам-қатынас мәдениетіне жоғары, бір сөзбен айтқанда кәсіби құзыретті ұстаздың қалыптасуына үздіксіз дамытуды қажет етеді.

Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана жанына нұр құя алады». Мұғалімнің ізденісі жан-жақты айтылып кеткен құзыреттілігі арқылы айқындалады. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткзеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі-бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақтары білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді.Ол мұғаліммен үздіксіз ізденуді,өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.Өйткені еліміздің  ертеңі-жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі-сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәуіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек.Бұл-қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.

Л.Рысбаева,

С.Сейфуллин атындағы №52 ЖББМ қазақ тілі әдебиет пәнінің бірлестігі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *