Әлеуметтік педагогтың отбасының тәрбиелік әлеуетін көтеру бойынша қызметі

Адамзат баланың адам ретінде қалыптасуында тәрбиенің негізгі ата-анадан деп есептегенімен, жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-жолдастың, жанұяның, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас. Бұлардың бәрін, ержетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп, көркейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын дінгегі — әке-шешесі, ұрпағы отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Сондықтан да, мұғалім мен отбасының тығыз қарым – қатынаста болуы міндетті және отбасы мәртебесін биіктетуі шарт.

Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда отбасының мынадай төрт түрлі мәртебесі бар: әлеуметтік – экономикалық, әлеуметтік – психологиялық, әлеуметтік – мәдени және ситуативтік міндеттер.

Мұғалім отбасы мен жұмыс нысаны барысында – балалар, жастар, ересек адамдар, қарттар жалпы отбасының барлық мүшелерімен жұмыстанады.

Отбасымен жұмыс жасай отырып, оларға: білім алуға, оқуға, психологиялық көмек алуға жәрдем береді.

Сондықтан педагог ата-анамен (отбасы мүшелерімен) мынадай іс-шаралар жүргізеді:

— тәрбиелеуде балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеруді   қаперінде ұстау;

— ата-аналардың тәрбиеде (бала тәрбиесінде) жіберген қателерінің себеп, салдарымен мәлімет беру және айғақтар мен дәлелдер келтіру арқылы дұрыс тәрбиенің мәнін ашып көрсету және нандыру;

— оқу, еңбек, ойын, демалыс және бос уақытын дұрыс пайдалану бойынша кеңестер беру;

— жастайынан, әуелі санасыз, еліктеу арқылы пайда болатын жаман әдеттер: масайту ішімдігіне әуестену, шылым шегу, нашақорлыққа еліктеудің алдын алу шараларын үйрету.

Мұғалімнің әке – аналарға беретін көмегі, ақыл кеңесі баланы тәрбиелеудегі мақсат пен міндетті түсіну, оның мүддесін қорғап қажеттенуін қанағаттандыру, отбасы мүшелерінің ой санасына, ақыл – кеңесіне ықпал ететін әңгімелер өткізу басқа да іс – шаралар ұйымдастыру осы қызметтің пәрменділігін көрсетеді. Салауатты отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық көмектің тағы бір аса маңызды құрамды бөлігі – психологиялық көмек. Психологиялық болсын, әлеуметтік – педагогикалық болсын дерлік тәрбиенің дұрыс қалыптасуы ұстаз, бала, ата – ана еңбегімен байланысты. Береке бірлікте жұмыс істеп, бұзылмайтын, айнымайтын тәртіпке бас игенде ғана іс оңға баспақшы. Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, атқарған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы-қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп, ата кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген.

Туыстық, отбасылық (әлеуметтік) қатынастарды бала кезінен қалыптастырғын. Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Салауатты отбасы — өркениетті қоғамның талабы. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді.

Жәнібек ҚАМБАР,

«Б.Майлин атындағы №21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Әлеуметтік педагогы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *