Гармония человека и природы

Жуырда №10 «Қайнар» мектеп гимназия» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің 9 «А» сыныбында “Гармония человека и природы” атты тақырыпта ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты – прозалық,драмалық, поэтикалық шығармалардың, фрагменттердің  мазмұнын түсіну, автор оқиғалардың  кейіпкерлеріне эмоционалды бағалау қатынасын білдіретін сөздерді анықтау.

Құндылықтарды дарыту, өздігінен ақпаратты талдай алу, жағдаяттарды талдау, мәселелерді анықтау және шешім қабылдау, топпен жұмыс істей алу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу.

Сабақ басы: 1-ші ұйымдастыру кезеңі, сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, зейінін шоғырландыру. Сабаққа психологиялық дайындығын тексеру. Оқушыларды қасындағы көршілермен жұпқа бөлемін.

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын /ОМ анықтап аламын.

2-ші үй тапсырмасын тексеру,жұптар бір-бірінің жұмыстарын тексереді, бағалау қағазына белгі қояды.

Сабақ ортасы: Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушыларға  «Адам мен табиғаттың үйлесімділігі» түсіндірілді. Жаңа сабақты түсіндіре отырып «ойлан тап» әдісін пайдаланып оқушыларды топқа бөліп тапсырма берілді.

Топтар берілген тапсырмаға жауап береді.

Сабақ соңында: Оқушылар рефлексия жүргізеді: нені білдім, нені үйрендім, нені толық түсінбедім, немен жұмысты жалғастыру қажет екенін бір-бірлерімен талқылайды.

Қорытынды: Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалап сабақты қортындылаймын.

Бекжан Арапов,

№10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің орыс тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *