Мұқағали Мақатаев

 Мұқағали Мақатаев — қазақ әдебиетінің асқан ірі тұлғасы, ұлы ақын, поэзия әлемінің жарық жұлдызы. Оның шығармалары ғасырлар бойы жалғасатын терең мағыналы тұшымды дүниелер. Ақынның шығармашылығының ерекшелігі- оның адам жүрегіне көңіліне терең үңілуінде. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері әркімнің ішкі жан дүниесін қозғап, оларды ізгілікке, адамгершілікке, махаббатқа, өмір сүруге деген құштарлыққа бағыттайды. Ақынның өмірі күрделі және тағдырлы болды. Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Қарасаз ауылында дүниеге келді. Оның балалық шағы ауыр болғаны мен, ол табиғатпен, өз елімен тығыз байланыс орнатып өсті. Мұқағали Мақатаев — өз заманының барлық ауыртпалығын сезініп, оны өз өлеңдерінде терең жеткізген ақын. Оның шығармаларында ұлттың рухы, болашағы, адамзаттың мәңгілік сұрақтары басты орын орын алады. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінде адамның өмірі, оның ізгілікке, адалдыққа, достыққа, махабатқа деген үміті мен арманын көре аламыз.

“Мен өмірді сүйемін”, “Сенің есімің” сияқты өлеңдеріне ақын адамның ішкі-сезімдерін, жан дүниесінің тыныштығын, әр сөзіне деген сенім мен үмітті шынайы әрі әсерлі бейнелейді. Мұқағали Мақатаев тек поэзия ғана емес, өзінің терең ойларымен үлкен жүрегімен де ерекшеленеді.

Ақынның еңбектері қазақ әдебиетінде үлкен орын алады. Оның өлеңдері мен поэмалары талай буынның тәрбиесін қалыптастырып, өмірілік ұстанымдарын айқындауға көмектесті. Мұқағали Мақатаевтың шығармалары өзінің ұлттық болмысымен, терең философиялық мәнімен, ерекше поэтикалық стилімен ерекшеленеді. Ақын өз туындыларында адам баласының арманы мен үмітін, оның өмірге деген құштарлығы, мәңгілік сұрақтарға жауап іздеуін паш етеді.

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы мәңгілік құндылықтарды бағалап, оларды өлеңдерінде көркемдікпен жеткізген ғажайып дүние. Оның өлеңдері арқылы біз өмірдің мәнін, адамның биік мақсатын түсінуге тырысамыз. Ақынның мәңгілік шығармашылығы арқылы біз ұлтымыздың қадір-қасиетін сақтап, оның әдеби мұрасына деген құрметімізді арттырамыз. Мұқағали Мақатаев ақынның өлеңдеріндегі ең басты ерекшелігі оның шынайлығы. Ол адамның жан дүниесін, оның ішкі әлемін дәл әрі нәзік суреттерді, оның өлеңдеріндегі шынайы сезімдер мен терең ойлар оқырманды бей-жай қалдырмайды. Ақынның шығармашылығында адамдық рух пен адамгершілік құндылықтары әрқашан бірінші орында тұрды.

Тоғжан Бугенбай,

“І. Жансүгіров атындағы №30 ЖББМ” КММ 5 “Ә” сынып оқушысы.

Минавар Усманова,

“Мөлдір қыздар” кеңесінің төрайымы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *