Зорлық-зомбылықтың бала психологиясына кері әсері

    «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл Фараби. Сол себепті тәрбиені түзегеніміз қоғамға абырой алып келері анық.

Бала жас шыбық сияқты, қалай исең солай иіледі. Осы орайда ұлттық тәрбиені насихаттап, ұрпақ жадында жаңғырта отырып, оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру қажет. Қазіргі кезде бала құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бүкіл әлем қызығушылығын туғызып отыр. Балаларғақамқорлықжасау, баланыңабыройы мен құқықтарынқұрметтеу – бұл тек мемлекеттіңғанаемес, соныменқатаржекелегенәрбірадамныңміндеті. Еліміздегі балаларға қатысты зорлық-зомбылық жөніндегі нұсқаулықтың басты мақсаты – еліміздің  барлық азаматына, оның ішінде ата-аналарға, туыстары мен жақындарына, әсіресе, балаларға жасалатын зорлықтың алдын алу, оған қарсы әрекет ету, осындай қылмыс болған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі жөнінде практикалық ұсыныстар беру болып табылады.Осыған орай, Жетісай ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің психологиялық қызмет бойынша әдіскері Қ.З.Ибадуллаеваның ұйымдастыруымен 2025 жылдың 28 қаңтар күні  №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Зорлық-зомбылықтың бала психологиясына кері әсері» тақырыбында аудандық семинар кеңес ұйымдастырды. Семинардың мақсаты:  Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше екенін түсіндіру, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту, баламен дұрыс тіл табыса білуге, ата – аналардың бала өмірінің қауіпсіздігіне байланысты міндеттерін күшейту,  отбасында бақытты өмір сүруге, баланың жеке қасиеттерін білуге ақпарат беру болатын. Семинарға аудан бойынша білім беру ұйымдарының педагог-психологтары, сонымен қатар мектептің10-сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Іс-шараның ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін аудандық әдістемелік кабинетінің  әдіскеріҚ.З.Ибадуллаева алып, қатысушы педагог-психологтарға  семинар бағдарламасы мен мақсатын таныстырды. Сондай-ақ,  «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында баяндамасын оқып, атқарылған  жұмыстарға тоқталып өтті. Сөз кезегі мектеп директоры Г.Убайдинаға беріліп, семинарға қатысушы педагог-психологтарға сәттілік тілеп, алғысын білдірді. Сонымен қатар, мектептің  педагог-психологтары З.Айтлеуова «Қоғамда, жанұя мен мектептегі зорлық және зомбылықсыз өмірдің принциптері» тақырыбында және  Ш.Муратова «Мектеп оқушылары арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында 10-сынып оқушылары мената-аналар арасында психологиялық диагностика, тренинг, ойын-жаттығулар өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

    Семинарда өткізілген іс-шаралар, тренингтерді талдау бойынша өзара сұрақ-жауап, пікірталаспен қорытындыланып, келген қонақтар семинар ұйымдастыруышыларына өз алғыстарын жеткізді.

    Балалар-қоғамымыздың ең әлсіз, қорғансыз бөлігі. Олардың құқығын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз ету, оларға зорлық-зомбылықсыз жарқын балалық шақ сыйлау-баршамыздың борышымыз.

Қарақас Ибадуллаева,

Жетісай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің психологиялық қызмет бойынша әдіскері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *