ХХІ ғасыр ұстазының жаны жаңалыққа құмар болуы тиіс. Себебі, күн сайын дамып келе жатқан Сандық технологиялар әлемі әр салаға өзгеріс енгізіп жатыр. Білім саласындағы осындай жаңа технологияларды енгізу үдерісі № 44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесінде де жалғасын табуда. Мектебіміздің директоры Г.З Умбетаеваның «Цифрлық дәуірде мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін тұрақты және жүйелі түрде дамыту мәселелері» тақырыбындағы V Республикалық конферецияда жасаған «Геймификация элементтерін білім алушылардың танымдық құралы» тақырыбында жасаған баяндамасы негізінде және жаңа сандық технологияларды оқыту мен оқу үдерісіне енгізу мақсатында мұғалімдер арасында «Жасанды интеллект – білім алушының қызығушылығын арттырушы құрал» тақырыбынды коучинг- сессиялар өткізілді. Коучинг екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде ағылшын тілі пәнінің бірлестігінің жетекшісі С.Ходжанова мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Е.Муртазаева өткізді.

Коучинг барысында Жасанды интеллект платформаларының түрлері мен қолдану тәсілдері туралы толық баяндалды. Екінші кезеңді орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Сұлтанбай мен география пәнінің мұғалімі Ғ. Алипова өткізді. Коучингке қатысқан мұғалімдер тың идеялармен бөлісіп, сапалы сабақ жоспарлауды өздеріне міндеттеме етіп қайтты. Заман өзгеруде. Зымырандай зулап жатқан ағымнан қалыспай білім саласындағы мұғалімдер де жас жеткіншектің жарқын болуы үшін барын салуда. Заман талабына сай мұғалім болу – баршамыздың басты міндетіміз.
Г.Дуйсенова,
№44 «Жаңа дала» ЖББМ ДОІЖО.