Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуге арналған логопедиялық жүргізілетін әдіс- тәсілдер

Логопедияның негізгі мақсаттары – сөйлеу тілі бұзылған адамды оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен бірге сөйлеу тілінің кемістіктерінің алдын ала сақтандыру жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу болып табылады.

Логопедия міндеттері:  сөйлеу тілінің бұзылуының таралуының, оның симптоматикалық белгілерін анықтау, сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен белгілі бір бағытпен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психиканың дамуына тигізетін әсерін анықтау.

Сөйлеу тілінің бұзылуының себебтерін, белгілерін механизимдерін анықтау.

Сөйлеу тілінің кемістіктерін түзету, жою.

Логопедиялық көмекті ұйымдастыру мәселесін қалыптастыру.

Сөйлеу аппаратының негізі үш бөлімі демалу, дауыс және артикуляцция бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс атқаруы.

Артикуляциялық жаттығу бала тіліне қажетті құрал ол айна. бала өзін міндетті түрде айнадан көре алу керек. айна арқылы артикуляциялық жаттығулар орындаймыз.

Балалардың қол моторикасын дамыту, қимыл-қозғалыс қабілетін, икемділігін арттырады, логикалық ойлау қабілетін дамытады. Танымдық деңгейін, сөйлеу тілін жетілдіреді.

Қол ұсақ моторикасын ойын және жаттығулар, арқылы дамытамыз

Тыныс алу жаттығулары сөйлеу тiлiн қалыптастыру үшiн өте маңызды, тыныс алу жаттығуының балалар денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Себебі дұрыс тыныс ала отырып баланың сөйлеу тілі де кезегімен қалыптасады. Тыныс алу жаттығулармен баланың сөйлеу тілін дамытамыз.

Нейро жаттығулар бала үшін де ересек адам үшін де маңызы зор. Нейро жаттығулар баланың миының екі жақ бөлігінің жұмыс жасауына көмектеседі. Нейро жаттығу балалардың ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін шығармашылықтарын арттырады, дамытады.

Инобад Эшматова,

педагог-логопед.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *