Серіктес мектептер спортта да үздік!

Жетісай ауданында білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастық тек білім мен тәрбие саласында ғана емес, спорттық сайыстар арқылы да жанданып келеді. Мұның жарқын дәлелі – №66 “Мырзашөл” жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен №74 жалпы білім беретін мектеп базасында өткен “Көңілді старт” спорттық сайысы.

Бұл жарыс серіктес мектептер арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтып, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыруды көздеді. Жарысқа серіктес мектептерінен келген жас спортшылар қатысып, өздерінің жылдамдығы мен ептілігін сынады.

Жарыстың басты ерекшелігі – ұйымшылдық!

Сайыс барысында командалар түрлі спорттық эстафеталардан өтіп, өздерінің шапшаңдығы мен бірлігін көрсетті. Жарыстың әр кезеңі қызықты әрі тартысты өтті. Оқушылардың жан-жақты дайындығы, командалық рухы ерекше байқалды. Қатысушылар жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салып, нағыз спорттық бәсекенің куәсі болды.

Көптеген қызықты кезеңдерден сүрінбей өткен командалардың нәтижесі төмендегідей болды:

І орын – №68 “Жібек жолы” ЖББМ

ІІ орын – №66 “Мырзашөл” ЖББМ

ІІІ орын – №74 ЖББМ

Жеңіске жеткен командаларға губоктар мен дипломдар табысталды.

Жарыс соңында мектеп директоры барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, болашақта осындай шаралардың жиі ұйымдастырылатынына сенім білдірді.

Бұл сайыс – ауызбіршілік пен командалық рухтың жарқын дәлелі болды. Спорттың адам денсаулығына пайдасы зор екенін ескерсек, осындай жарыстар оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, өзара достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлкен септігін тигізеді.

Алдағы уақытта да спорттық іс-шаралар дәстүрлі түрде жалғасын тауып, оқушылардың жан-жақты дамуына үлес қоса береді деп сенеміз!

№66 «Мырзашөл» жалпы білім беретін мектебі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *