“Новогодние традиции” атты тақырыпта ашық сабақ өтті

Сабақ мақсаты – прозалық, драмалық, поэтикалық шығармалардың, фрагменттердің мазмұнын түсіну, автор оқиғалардың кейіпкерлеріне эмоционалды бағалау қатынасын білдіретін сөздерді анықтау;

Құндылықтарды дарыту: Өздігінен ақпаратты талдай алу, жағдаяттарды талдау, мәселелерді анықтау және шешім қабылдау, топпен жұмыс істей алу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу.

Сабақ басы: 1-ші ұйымдастыру кезеңі, сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, зейінін шоғырландыру. Сабаққа психологиялық дайындығын тексеру. Оқушыларды қасындағы көршілермен жұпқа бөлемін.

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын /ОМ анықтап аламын.

2-ші үй тапсырмасын тексеру, жұптар бір-бірінің жұмыстарын тексереді, бағалау қағазына белгі қойады.

Сабақ ортасы: Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушыларға «Жаңа жылға байланысты» түсіндірілді. Жаңа сабақты түсіндіре отырып «ойлан тап» әдісін пайдаланып оқушыларды топқа бөліп тапсырма берілді.

Топтар берілген тапсырмаға жауап береді.

Сабақ соңында: Оқушылар рефлексия жүргізеді: нені білдім, нені үйрендім, нені толық түсінбедім, немен жұмысты жалғастыру қажет екенін бір-бірлерімен талқылайды.

Қорытынды: Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалап сабақты қортындылаймын.

Айдана Тұрсымұрат,

№10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орыс тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *