Ұстаздық ұлы салада қызмет етіп келе жатқаныма 25 жылдан асты. Осы жылдар кезеңімде алғам тәжірибемді өзімнен кейінгі мамандарға үйрету мақсатында екі жылдан бері Салтанат есімді жас маманды өз тәлімгерлігіме алдым. Өзі білімді маман мен бағыттаған жолдармен жүру арқылы өз еңбегін көрсете бастады. Мектепте өтілген іс-шаралар мен түрлі байқауларға қатысып жүрді. Жүйелі жоспар, білімді бағыттың арқасында өз сабақтарында түрлі әдістерді тиімді пайдалана білді.

Осындай тынбай еңбектенудің арқасында 2023-2024 оқу жылында мектепішілік Педагог-тәлімгерлер мен жас мамандармен бірігіп өтілген «Педагогикалық дуэт -2024» байқауында жүлделі 1- орынды жеңіп, аудандық байқауға жолдама алдық. Аудандық байқауда да өз білімділігіміз бен еткен еңбегіміздің нәтижесін көрсете отырып, бас жүлдеге ие болып облыстық байқаудың жолдамасына ие болдық. Бұл кезеңде бізді үлкен жауапкершілік ерекше дайындық қажет болды. Жас маман Салтанат Жақыпова дайындық барысында өзінің ұшқыр ойы мен жауапкершілігін байқатты . Білім мен білікті бағалайтын додада «Креативті дуэт» деген номинацияға ие болып қайттық. Бұл біз шығатын биіктің шыңы емес, бұл бастамасы ғана. Ұстаздың ұстанымын ұстана білген әрбір жолын қуушы әрбір ісінен өнеге ала білгенде ғана нағыз ұстаз болады. Сондықтан да кез келген ұстазға шәкірттерге білім беріп ғана қоймай жас мамандарды шыңдап шыңға шығаруға бағыттайық дегім келеді .
Урзия Серикбаева,
Кенесары хан атындағы №62 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі.