Келешегіміздің кемелді, болашағымыздың бақытты болуы үшін балаларымыздың алған білімі мен тәлім алған тәрбиесіне байланысты екені айқын. Сондықтан да бүгінгі таңда баланы білімге қызықтыру үшін түрлі әдістер мен түрлі техникалар қолданысқа енуде. Соның бірі – жасанды интеллект. Дегенменен осы жасанды интеллект мұғалімнің орнын баса алады ма? Мұғалімнің берген білімі мен тәлімін бере алады?
Әрине, бүгінгі техниканың өркендеп дамыған кезеңінде түрлі жаңалықтар мен адамның еңбегін жеңілдететін құралдар қолданысқа енгізілді. Жасанды интеллект біршама мамандардың жұмысын орындап келеді. Сонда да мұғалімнің қызметін ешқашан да ауыстыра алмайтынын сеніммен айта аламын. Әрбір шәкіртке білім үйреткенде оның деңгейі мен көзқарасынан-ақ ұғатын ұстаздардың орнын қаншалықты дамыған құрылғы баса алмайды. Балаға дайын тақырыпты ғылыми тұрғыда түсіндіріп бере алғанымен, оның қолдануы мен пайдалануын тек қана мұғалім түсіндіре алады. Жалпы алғанда, білім беру дегеніміз – оқушы мен ұстаз арасындағы қатынас, балаға қажет дүниені ұғыну, екі ортада байланыс құру. Жасанды интеллект жоғары деңгейдегі ғылыми ақпараттарды балаға ұсына алғанымен оның санасында болып жатқан құбылысты түсіне алмайды. Бала санасын түсінбей балаға саналы білім беру мүмкін емес. Жасанды интеллект мұғалімдердің көмекші құралы қызметін атқарған кезде баламен жұмыс жүргізуге көбірек мүмкіндік болады. Әкімшілікке жіберетін құжаттар мен тексеретін тапсырмаларды осы жаңа жүйемен тексеріп беру арқылы мұғалімнің жұмысын жеңілдете алады. Мұғалім мен жасанды интеллект арасындағы байланысты дұрыс жолға қоя білсек, оның артықшылығы мен пайдасын көбірек көруге мүмкіндік туады.
Ойымды қорыта келе, жасанды интеллект білім берудің біршама аспектілерін өзгерте алғанымен, түрлі қасиетке ие мұғалімнің орнын алмастыра алмайды. Мұғалімдердің бойында кездесетін ерекше қасиеттер – балаға шабыт беру, бала жанын түсіну, эмоционалды интелект, бала ыңғайына қарай бейімделу. Білімді бала тәрбиелеу үшін ұстаз бен жасанды интеллект арасындағы байланысты орната білуіміз шарт. Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын жеңілдететін көмекші құралға айналуы керек. Сол кезде ғана тәуелсіз елдің тұғырын биік етер тарландарымыз талапты бола алады.
Балжан БЕРДИБЕКОВА.