Көру қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері

Тифлопедагогика-көзі бұзылған адамдарды үйрету мен оқыту туралы ғылым. Көзі бұзылған адамдарда қызметі, араласуда және психофизикалық дамуда өзіне тән ерекшеліктері бар.

Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекешеліктері негізінен көретін балаларға тән дамудың жалпы заңдылықтарына сай жүреді. Сөйлеу тілінің ерекшелітері мынадай: көру қабілеті бұзылған балалардың 1-жасында қалыпты жағдайдағыдай алғашқы сөздері пайда болады, бірақ олар аз және көбеюі баяу. Сөздік қорының келесі толығуыныңда өз ерекшеліктері бар. Балалар заттарды аз біліп,сөздердің мәнін анық меңгермей, сөздерді пайдаланады. 3-4 жастарында көру қабілеті зақымдалған балалар өз әрекеттерін сөзбен айтып бастайды, бірақ олардың сөйлеу тілінде сөз шығармашылығы жоқ. Балалардың көбінде сөйлеу тілінің фонематикалық жағының қалыптасуының төмен деңгейі байқалады. Аталмыш категориядағы балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейінің 4 түрі бар.

Бірінші деңгейі: Бұл деңгейде сөйлеу тілі қалыпты деп есептеуге болмайды,балалардың дыбыс айтуының бірді-екілі бұзылыстары.

Екінші деңгейі: Белсенді сөз қоры шектелген, жалпылама түсініктерді, грамматикалық категорияларды, қолданудағы қателер, сөйлемдерді құрастырудағы және байланыстырған әңгімелерді құрастырудағы құиындықтар.

Үшінші деңгейі: Экспрессивті сөйлеу тілі сөз қорының аздығымен ерекшелінеді. Жалпылама түсініктерді білу, сөзбен зат образын сәйкестендіру төмен деңгейде. Байланыстырып сөйлеу тіл аграмматизмді, бір-екі сөзден құралған сөйлемдерді айтудан тұрады. Балалар ашық, толық әңгіме құрауға жағдайлары келмейді.

Төртінші деңгейі: Сөз қорының аздығымен сипатталады. Байланыстырып сөйлеуі жеке сөздерден құралады. Эхололия байқалады. Сөйлеу тілінің грамматикалық жағының сапалы жағын анықтауға арналған. Дыбыстарды естіп, ажыратуы бұзылған. Сонымен, көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы деңгейі әртүрлі болуы мүмкін.

Сөйлеу тілі қалыптасуның бірінші деңгейіндегі балалармен логопед, түзету жұмысын жоспарлау кезінде олардың сөйлеу тілінің жақсы қоры ескеріледі.

Сөйлеу тілі қалыптасуының екінші деңгейінде балалармен жүргізілген жұмыс тараулары ескеріліп, сақталады. Алайда ерекше мән сөздік жұмысқа,фонематикалық талдау мен жинақтауды дамытуға аудару керек.

Сөйлеу тілі қалыптасуының үшінші,төртінші жағдайында балалармен жұмысқа заттық-тәжірибелік, ойын,таным әрекетін дамытуға бағытталған элементтер енгізіледі.  Сөз қорын кеңейту, сөздік заттық образымен сәйкестендіру, жалпылама түсініктерді қалыптастыру, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын практикалық түрде меңгеру балалардың қоршаған орта туралы, өз тәжірибесін сипаттау арқылы қалыптасатын, рельефті суреттер, тірек сөздер, түсініктер бойынша сөйлем құрастыруға көшуін қамтамасыз етеді.

Жұмыстың маңызды бөлігі болып табылатыны балалардың моторлы дағдыларын, конструктивті праксисті, тепе-теңдікті, кеңістікте бағдарлауын жетілдіру. Тифлопедагог, тәрбиеші, логопед, ата-аналардың бірлескен әрекеті оқушылардың сөйлеу қорын дамытуға негіз салып, мектепте сәтті оқуға, қоғамдағы интеграцияғы, бірқатар әлеуметтік проблемаларды шешуге қажет негіз болып табылады.

Асем Мамбетова,

Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай қаласы “Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тифлопедагог маманы.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *