Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазіргі заман мұғалімі бұрынғы мұғалімдерден ерекше деп айтуға болмас. Жаңа ғасырдың мұғалімі кез келген проблеманы өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болу керек. Оның бойындағы осынау қасиеті өзгелерге үлгі болады. Мұғалім ұғымының өзі өзгеге үлгі болуға үйретеді.

Бүгінгі таңда мұғалімдердің тек қана сабақ беріп, лекция оқумен шектелуі шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білуі керек. Қоғамды соңынан ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тиянақты болғаны жөн. Көш бастау әрине, қиын, дегенмен, бұл жаңа дәуірдің талабы.

Мұ­ғалімнің балалар алдындағы беделі жоғары, бей­несі жарқын болуы тиіс. Яғни, мұғалімнің балалар алдында әрбір сөйлеген сөзі, жасаған әрбір іс-қимылы, тіпті киген киімі, жүріс-тұрысына дейін оқушыларға ұнамды немесе ұнамсыз жағынан қайтсе де өз әсерін тигізіп отыратындығы даусыз ақиқат. Мұғалім психолог та бола білуі керек.  Алдымызға келген әрбір баланың мінез-құлқын үнемі бақылауда ұстап, соған сәйкес тура шешім қабылдап, олармен жиі-жиі сұхбат өткізіп, сырлас досындай жақындық танытып, ыстық ықыласпен ақыл-кеңес айтып, көңіл-күйлерін игере білсек, демек, тәртібін жақсартып, оқуға ынталандыра білеміз. Мұғалім оқытудағы заманауи озық технологияны тиімді пайдалануы, білім саласындағы соңғы жетістіктерді оқушыларға дер кезінде жеткізіп, ортақ игілікке айналдыра білуге ынталы болғаны жөн. Сонда ғана тәрбиелі де білімді ұрпақ өсіріп, елімізге қызмет ететін азамат қалыптастырып шығарамыз.

Ұстаздың жан дүниесі рухани тәлімге толы болса, шәкіртке құйған біліме де далаға кетпек емес.

Жаныл Жакипбаева,  

«№51»Дәуір жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ДОІЖО.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *