«Әке мен қыз: сенімді қарым-қатынас» психологиялық тренингі

Мақсаты:

Әкелер мен қыздары арасындағы өзара сенімді, түсіністікке негізделген қарым-қатынасты дамыту. Әке рөлінің маңыздылығын түсіндіру және тиімді коммуникация дағдыларын үйрету.

Әке мен қыз арасындағы қарым-қатынас – баланың болашақтағы өміріне, өз-өзіне деген сеніміне, қоғаммен байланысына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Бұл қарым-қатынаста сенім, құрмет пен махаббат басты орында тұруы керек. Әке – қыз баланың өміріндегі ең алғашқы ер адам. Сондықтан әкенің мінез-құлқы, сөзі мен ісі қыздың ер азаматтарға деген көзқарасының қалыптасуына ықпал етеді.

Сенім – қарым-қатынастың іргетасы

Қыз бала өзін қауіпсіз, қорғалған сезінуі үшін әкесімен арадағы сенімге негізделген қарым-қатынас өте маңызды. Әке қызымен ашық сөйлесіп, оны тыңдап, пікіріне мән беріп отырса, бала өзін маңызды тұлға ретінде сезінеді. Бұл өз кезегінде оның тұлғалық дамуына оң әсер етеді.

Тәрбиедегі рөлі

Әке қыз баланың өзін-өзі бағалауын қалыптастырады. Егер әке қызына жиі жылы сөздер айтып, оны қолдап отырса, ол өзін бағалап, өмірде сенімді қадам жасайды. Керісінше, әкенің суық қатынасы қыз баланың бойында сенімсіздік пен үрей тудырады.

Уақыт бөлу – махаббаттың көрінісі

Қызымен бірге өткізген сапалы уақыт – олардың арасындағы байланысты нығайтады. Бірге серуендеу, кітап оқу, ойын ойнау немесе жай ғана ашық әңгіме құру – бәрі де қарым-қатынасты жақсартады.

Қорытынды

Әке мен қыз арасындағы сенімді қарым-қатынас – бақытты отбасының кепілі. Әкенің қамқорлығы мен мейірімі қыздың өмірлік серігін таңдауда, жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Сондықтан әр әке өз қызымен тығыз, сенімді әрі жылы қатынас орнатуға ұмтылуы тиіс.

Салтанат Молдаханова,

№ 51 «Дәуір» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *