ӘЖЕМНІҢ ҚҰРТЫ

Жуырда Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты «Аяулым» бөбекжай -бақшасы МКҚК-де 2024-2025 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында “Әжелер мектебі” тәрбие жұмысы «Айгөлек» ортаңғы топ балаларымен өтті. Шараның мақсаты-әжелер мен балалар арасындағы ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, балаларды ұлттық дәстүрлермен таныстыруға және әжелердің әлеуметтік белсенділігін арттыру.

Ертеңгілікте ақ жаулықты әжелер кішкентай ғана құлыншақтарға ұлттық тағамдардың бірі құрт жасауды үйретті.  Қолымен жасап көрсете отырып, құрттың адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін және құрт неден жасалатынын айтып берді.

«Әжемнің құрты» — бұл қазақ халқының дәстүрлі тағамдары мен әжелердің ас әзірлеу мәдениетін дәріптейтін, балабақшадағы балалар үшін өте қызықты әрі тәрбиелік мәні зор тақырып. Бұл тақырып баланың қазақ халқының ұлттық асханасы мен әжелердің қолынан шыққан дәстүрлі тағамдар туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әжеміздің құрты – қазақтың ұлттық тағамдарының бірі, ол тек асқазанға ғана емес, жүрекке де жылулық сыйлайды.

Ертеңгілік соңында балалар әжелерге рахмет деп, тақпақтарын айтып берді.

Асия ОСПАНОВА,

Аяулым бөбекжай-бақшасында тәрбиеші.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *