Қазыбек би ауылдық округі, Алғабас елді мекенінде орналасқан «Жан — Балауса» бөбекжай балабақшасының «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиешісі Қ.Сатаева ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекетін өткізді.
Білім беру дағдысы бойынша «Таным, Шығармашылық». Оқу қызметіне «жапсыру» әдісі пайдаланылды. Сабақтың тақырыбы – «Сиқырлы пішіндер» деп аталған.
Оқу іс әрекетінің мақсаты – балаларды көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, ойлау қабілеттерін арттыру, 5-ке дейінгі сандарды пішіндер арқылы қайталату.
Пайдаланылған әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу.
Сабақ барысында қолданылған көрнекіліктер: пішіндер, құстардың суреттері, қатты түрлі түсті қағаз.
Ертеңгілік бірнеше бөлімнен тұрады: амандасу, шаттық шеңбері.
Алдымен балалардан қазір жылдың қай мезгілі екенін сұрап, көктем мезгілі жайында мағлұматтар берілді. Көктем мезгілінің айлары: наурыз, сәуір, мамыр жайында түсіндірілді.
Келесі кезекте пішіндердің сиқырын білу үшін тапсырмалар орындалды. Үшбұрыштың, яғни, алдымен үшбрыш неге ұқсайтынын және оның түсін айтты. Үшбұрыштың тапсырмасы 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау, төртбұрышқа мысалдар келтіру, сандар туралы санамақтар айту секілді бірнеше тапсырмалар бойынша жұмыстар жасалды.
Одан соң қимылды ойын «Асық ату», сергіту жаттығулары, музыка әуенімен ұя жапсыруды үйренді. Балалар оқу қызметіне өте жақсы қатысқандары үшін бес жұлдызша қойылды.
Ертеңгіліктің нәтижесі бойынша көктем мезгілінің ерекшелігімен, пішіндердің ерекшеліктерімен танысты. Іс-әрекет дағдыларының негізгі мақсаты- балалардың есте сақтап, түсінгенін қайта айтып бере білу.
Қарсыгүл САТАЕВА,
«Жан — Балауса» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.