Баланы тәрбиелеу арқылы әлемді тәрбиелейміз

«Бала- болашағымыз»  деп қазақ халқы бекерге айтқан емес.  Сол болашақтың керемет болуы үшін ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі кездегі балаларды дұрыс тәрбиелеуіміз керек. Баланың бала болып қалмайтынын ұғынған кез келген бала тәрбиесінде жүрген жан оның тәрбиесі мен келешегіне алаңдайды. Осындай болашаққа бағдар, келешекке күре жолды көрсетер зиялы қауымның ішіндегі ұлысы да ұстаздар қауымы жасырын емес. Осы бала тәрбиесінде ұстаздар қауымына артылар жүк те оңай емес.

Саналы да, салиқалы, білімді де алғыр тұлғаларды тәрбиелеу үшін қандай іс-әрекет жасау керек? Баланың тәрбиесі маңызды ма? Баланың білімі маңызды ма? Сіз қалай үлес қосар едіңіз?

Баланың білімді де , тәрбиелі болуы үшін ұстаздар да білімді жан-жақты дамыған, болмысы бөлек білікті маман бола алуы ең үлкен міндеттің бірі.  Әлемдегі ең үлкен игі істің бірі де бірегейі баланы тәрбиелеу. Баланың бойындағы қабілеті мен дарынын аша білу қасиеті басым бола алуы шарт. Қазіргі ақпараттың алақандай құралмен қолжетімді болып тұрған кезеңінде балаға дұрыс бағыт беру де оңай емес. Құзіретті ұрпаққа ұлы жолды нұсқап тәлім мен тәрбиені қатар бере білуіміз де біздің ұстаздар қауымының шеберлігіне байланысты. Балаға білімді берерде міндетті түрде оның тәрбиесіне аса назар аударып отырады. Баламен тіл табысу, оның мінезі мен ұстанымын танып біліп, дұрыс жол көрсету арқылы іске асады. Ең қайырлы іс пен игі істің үлкені болашақтың тұтқасы болар балаларды тәрбиелеу.

  Ойымды қорыта келе, келешегіміз кемелді, болашағымыз бақытты болуы үшін ел ертеңін құрар балапандарымызға дұрыс тәрбие беріп, білім мен саналы ақыл үйрете алу нағыз шебер ұстаздың іс-әрекеті. Еліміздегі кез келген баланың бақытты балалық шақ иесі болуына басты бағыт білімді болу екендігін ұғындыра алуымыз керек. Ұлы ұстаздықтың ұлы жолында ұлы істер жасай алғанда ғана, баланың бақытын алғашқы орынға қойған кезде нағыз игі істі жасаған болармыз. Игілікті іс істеуден жалықпайық!

Айгул Айдынбекова ,

Кенесары хан атындағы 62 жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *