Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейінде әрбір оқушыда саналы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлау қабілетінің жүйріктігін, біліктілігі мен белсенділігін, келешек ұрпақтан көшбасшы, болашақ жақсы маман ретінде даярлау бұл – біздің ұстаздардың негізгі мақсаты.
Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірбиесіне байланысты.
Бастауыш сыныптар арасында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту барысында мектепішілік олимпиада ұйымдастырып басшылыққа алып отырған мектеп директоры: Примбекова Улжалғас Қонысбековнаның орны ерекше. Аудандық 3-4 сыныптар арасында өткен «Алтын сақа» олимпиадасына қатысып 3 «Б» сынып оқушысы Аман Саят Сабыржанұлы 2-орын, сынып жетекшісі: Бейсембаева Қарлығаш. 4 «Г» сынып оқушысы: Дүйсенбай Дәурен Сәкенұлы 2-орын, сынып жетекшісі: Батырханова Гулнар. Ұстаздарымыз келешек ұрпақтың негізін салушы, жол сілтеуші. Мақтан тұтарлық жетістігіміздің бірі Аудан бойынша бастауыш сынып ұстаздарының арасында өткен «Алтын Тұғыр» олимпиадасында 3-орынға ие болған бастауыш сынып мұғалімі Мықтыбекова Қаршыға Маметхановна. Аудан бойынша Сынып жетекшілер арасында өткен «Педагогикалық идея» сайысына Бастауыш сынып мұғалімі Базаркулова Бағдат Абдикуловна қатысып 1- орынға ие болды.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі – шәкіртінің оза шапқандығы, ал екіншісі өздігінен ізденіп, ой-өрісінің тереңдігі. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті — рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлғаны қалыптастыру. Еліміздің — жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әр ұстаздың мақсаты .
Гулнар Батырханова,
«М. Шоқай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі.