Б.Майлин атындағы жалпы білім беретін мектептің 7 «А» сыныбына «Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақ өттім. Сабақтың мақсаты – омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының ерекшеліктерін сипаттау. Сабақта омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшелікті анықтаудағы есте сақтау қабілеттерін арттыратын ерекше белгілерімен оқушыларды қызықтыра білдім.
Оқушылардың өздігінен танып білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа білімді меңгеру үшін тиімді ойын әдістерін пайдаланылды. Оқушыларды ойната отырып, сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырдым. Сабақ өте қызықты өтті. Барлық оқушылар толық бағаланып, кері байланыс берді.

Әр сабақ – мұғалім ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтың мазмұны ашыла түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабылеті дамиды.
Шәкірттерім маған сабақ соңында биік шыңдарды бағындырып, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз деді.
Айгерім УНЕРОВА,
«Б.Майлин атындағы №21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биология пәні мұғалімі.