Біртұтас тәрбие – адамның тұлғалық дамуы мен әлеуеметтануының негізі. Бұл тәрбие процесі біліммен, моралдық және рухани құндылықтармен, әлеуметтік дағдылармен байланысты. Біртұтас тәрбиенің басты мақсаты – жеке тұлғаның толыққанды дамуын қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғамның прогресіне үлес қосу. Жеке тұлғаның дамуы. Біртұтас тәрбие әрбір адамға өзін – өзі тануға, әлеуметпен дұрыс қарым-қатынас орнатуға, өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.
Тәрбие процесі тек білім алумен шектелмей, адамның эмоциялық және психологиялық дамуында да маңызды рөл атқарады. Тәрбиенің арқасында жасөспірімдер жауапкершілік, тәртіп, ұжымда жұмыс істеу секілді құндылықтарды игереді. Рухани және моралдық құндылықтар біртқтвс тәрбиенің маңызды аспектісі – рухани және моралдық құндылықтарды қалыптастыру. Адамгершілік адалдық, әділеттілік секілді қасиеттерді қалыптасуы жастардың дүниетанымын кеңейтеді, оларға өмірлік дағдылар мен этикалық нормаларды меңгеруге көмектеседі. Мұндай құндылықтар адамды қоғамда белсенді және жауапты азамат ретінде қалыптасырады.
Әлеуметтік жауапкершілігі біртұтас тәрбие жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Олар қоғамдағы проблемаларға, экологиялық мәселелерге, әлеуметтік теңсіздікке бей-жай қарамай, белсенді түрде қатысуға дайын болады. Жастардың қоғамдық өмірег араласуы, волонтерлік қызметтерге тартылуы – біртұтас тәрбиенің берері мол. Мектептегі тәрбие ортасы біртұтас тәрбиенің тиімділігі, көбнесе тәрбие ортасына байланысты. Отбасы, мектеп, қоғам мен мәдениет-бұлардың бәрі тұлғаның дамуында маңызды рөл атқарады. Ұстаздард мен ата-аналардың ынтымақтастығы, бірлескен жүмысы – тәрбиенің сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Қорыта айтсам, біртұтас тәрбие – бұл тек білім ғана емес, адамның жан-жақты дамуы мен әлеуметтік қызмет етуін көздейтін кешенді процесс. Тұлғаның рухани, моралдық және әлеуметтік аспектілерін үйлесімді дамыту арқылы қоғамның прогресіне, мәдениеттің өркендеуiне үлес қосады. Сондықтан, біртұтас тәрбиенің құндылығы терң түсіну мен оны өмірде қолдану – қазіргі заманның басты міндеттерінің бірі деп білемін.
Досымхан Насимов,
№10 «Қайнар» мектеп – гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ДТЖО.