Жуырда Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты «М. Шоқай атындағы № 26 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектепалды дайындық сыныптар арасында өткен республикалық «Өнерім саған-Қазақстан!» фестивалінде менің шәкіртім Ждан Алина Сержанқызы ұлы ғұлама ақынымыз Абай Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңін мәнерлеп оқу бағыты бойынша ауданнан І дәрежелі дипломмен облысқа жолдама алып, Түркістан облысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жеңіс тәрбиеленушілеріміздің талантын шыңдауға бағытталған еңбегіміздің жемісі.
Болашақта ел тізгінін ұстатар азаматтар — бүгінгі мектеп оқушылары. Осы қағиданы нақты ұғынған Президентіміз: «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында»,- деп әрдайым айтып келеді. «Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру — бүгінгі күннің басты талабы. Балалардың әр жетістігі біз үшін үлкен мақтаныш!
Алинаны осындай жеңісімен шын жүректен құттықтап, оған бұдан да биік белестерді бағындыра беруді тілейміз!
Зина Дауылбаева,
«М.Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі.