Болашағым сен тұрсаң мен өлмеспін!

Болашағым сен тұрсаң мен өлмеспін!

Ақиқаттың алдында бөгелмес кім.

Жоғалмас не, өмірден жөнелмес кім?

Сен есен бол!

Білемін,

Керемет бір күн келеді!

Жайнайды жасыл бағым гүлденеді- деп Мұқағали ақын өзі айтқан керемет күн келді.

І.Жансүгіров жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толуына орай мектепішілік «Мұқағали оқулары» ерекше форматта 9-10 сынып оқушылары арасындағы топтық сайыс түрінде өтті.

Байқау ережелері бойынша «Айтып өткен ақында арман бар ма?» айдары бойынша әрбір топтың қатысушысы М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыса, «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» айдары бойынша оқушыларымыз өз туындыларын оқыды. «Жыр эстафетасы» деп аталатын кезеңнің шарты бойынша поэмаларын нақышына келтіре жарыса орындап көптің көңілінен шыға білді. Сондай-ақ «Ән сал, жаным сағынып» ақын сөзіне жазылған әндер сайысы мен «Ақын мұражайына менің үлесім» айдарлары бойынша да оқушыларымыз сынға түсіп, бойларындағы сан қырлы таланттарын көрсете білді. Ал «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» айдары бойынша топ басшылары бір минутта он сұраққа жауап беріп,сол бойынша ұпай сандары берілді. Таласты да тартысты өткен бұл байқауларда өзінің шеберліктерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салған үміткерлерге төрелік жасап, әділ бағаларын беріп, І дәрежелі дипломмен 10 «А» сынып оқушылары, ІІ Дәрежелі дипломмен 9 «Ә» сыныбы, ІІІ дәрежелі дипломмен 10 «Ә», 9 «Ә» сыныптары иеленді. Сондай-ақ шара барысында әр кезеңде оқ бойы оза шапқан үміткерлерге де баса назар аударылып, Алғыс хаттармен марапатталды.

Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесінің тұлғалана, биіктей түскенінің бір кездері ақын жүрегі аңсаған той қазіргі таңда жыр сүйер қауымның төл мерекесіне айналып отырғанының тағы бір куәсі болып, керемет көңіл күймен кешімізді аяқтадық.

Гулдар Ағманова,

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *