БҮЛДІРШІНДЕР «ШАЛҒЫН» ЕРТЕГІСІН СОМДАДЫ

Қазыбек би ауылдық окуругіне қарасты Алғабас ауылында орналасқан «Жан-Балауса» бөбекжай балабақшасында «Балдырған» кіші тобының тәрбиешісі Г.Ахшаева «Шалқан» ертегісі бойынша ашық көрсетілім ертеңгілігін өткізді. Мақсаты – білімділік: «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру, дамытушылық: «Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету, тәрбиелік: «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.

Ертеңгілікке пайдаланылған көрнекіліктер: көкөністер суреті, шалқан ертегісінің кейіпкерлері. Ертегі желісімен рөлдерді: атай Мұрат Қайыржан, әжей Жолдас Айсезім, немере қызы Жамалбек Айша, күшік Абдулла Мырза, мысық Семби Мұхаммеджан, тышқан Усен Айша сомдады.

Көрініс барысында тәрбиеші мәтінді оқып тұрды. Ал, бүлдіршіндер ертегі желісімен өз рөлдерін сомдап, көрермендердің көзайымына айналды.

Одан соң «Саусақтар жүреді» жаттығуы жасалып, балалар бір сергіп алды. Екі саусақпен 5-ке дейін тура және кері санап, алға-артқа жүреді.

Келесі кезекте дидактикалық ойын «Не жоқ?» ойыны ойналды. Ойынның мақсаты — балаларға ойыншықтарды ажыратуға үйрету. Ойынның шарты- балаларға ойыншықтар тарату, қай ойыншықтың жоқ екенін табу керек. Балалар көздерін жұмады, маман сылдырмақ ойыншығын жасырады. Балалар қай ойыншықтың жоқ екенін табады. Содан соң маман екі ойыншықты алып тастайды, үшінші рет ойыншықтар алынбайды, орындары ауыстырылады.

Ертеңгіліктің қорытынды бөлімінде балаларды мақтап, мадақтап, осындай шараларға белсенді атсалысқан балғындарға рахмет айтылды.

Гүлжан АХШАЕВА,

«Жан-Балауса» бөбекжай балабақшасында тәрбиеші.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *