Дамуында ауытқулары бар балаларда түрлі сырқаттар мен көптеген бұзылулар болады. Сондықтан балаға көрсетілетін ерте көмек ата-аналар мен мамандардың «ерекше» балалардың жағымды даму мүмкіндігін ұлғайтып, сырқат немесе ауытқуды есепке алып көрсетуі қажет.
Егер сіздің сәбиіңізде даун синдромы болса…
Даун синдромы дегеніміз не?
Даун синдромы ең көп таралған гендік ауытқушылық. Статистика бойынша 700-800 баланың біреуі даун синдромымен дүниеге келеді. Бұл әртүрлі елдерде, климаттық аймақтарда, әлеуметтік қатынастарда болады. Даун синдромы ата-аналарының тұрмысына, түр-түсіне, ұлтына тәуелді емес. Бірақ соңғы кездері заманауи медицинаның арқасында бұл көрсеткіш біраз жақсарды.
Даун синдромы француз ғалымы Жером Лежен 1959 жылы көрсеткендей бұл гендік күй жүкті болу сәтінен бастап болады және адам клеткаларында қосымша хромосомаларының болуымен анықталады.
Адам денесі миллиондаған жасушалардан тұрады, олардың әрқайсысында 46 хромосома бар. Хромосомалар жұптасып орналасқан-жартысы анасынан, жартысы әкесінен. Даун синдромы бар адамдарда 21-ші жұп хромосомада 46-ның орнына, 47 хромосомадан болады. Даун ауруы пайда болады. Демек хромосомалардың нормадан тыс ауытқуынан пайда болады. Артық хромосоманың пайда болуында ешкімнің кінасі жоқ. Оларды терең ақыл-ойы артта қалушылар және үйретілмейтіндер деп есептейді. Олар шынайы берілушілік, сезінуге қабілетсіз, агрессивті немесе үнемі бәріне риза деп жиі тұжырымдайды. Әрбір адам ерекше даралық қабілеттерімен, таланттарымен ерекшеленеді. Егер, олар отбасында сүйіспеншілік атмосферасында өмір сүрсе, егер балалық шағында ерте көмек бағдарламасы бойынша түзету жұмысы жүргізілсе, егер олар арнайы білім алса, медициналық көмек көрсетілсе және қоғамнан өздеріне жағымды қатынас сезінсе даун синдромы бар адамдар өз мүмкіндіктерін жақсы дамыта алады.
Барлық балалар, сонымен бірге даун синдромы бар балалар үшін де ана сүтімен тамақтандыру маңызды сәт болып табылады. Оларға ана сүтімен тамақтану жағымды әсер етеді, бұл иммундық жүйесін шынықтырады. Сонымен қатар тамақтану уақыттарында ауыз қозғалысы дамиды.
Оларға дамудың ең басынан дер кезінде көмек қажет.
Сіз және сіздің балаңыз үшін жиі бірге болу және тығыз байланыс болуы маңызды. Емшекпен тамақтандыру өте көп көмектеседі, бірақ бұл жалғыз алғышарт емес. Егер омыраумен тамақтандыру мүмкін болмаса, онда баланы бөтелкемен тамақтандыруда баламен тығыз қатынас орнату қажет. Алдында айтылғандай хромосомалық жұп баланың дүниеге келген сәтінен оның дамуына әсер етеді. Ол даун синдромынан біршама ерекшеленеді. Нәресте дамуының болашағына ғана емес, ең алдымен оны қоршағандарына және оқуына әсер етеді. Даун синдромы бар балалар да барлық басқа балалар сияқты мүмкіндіктерге ие. Олар жанұяда өз ата-аналарымен, аға-апаларымен болғысы келеді, ойнағысы, оқығысы, күлгісі және дербес болуға ұмтылады. Сондықтан даун синдромы бар нәресте мүмкіндігінше дұрыс өмір сүріп, дамуы үшін көмек беру ерекше маңызды. Даун синдромы бар балалар басқа балаларға қарағанда бәрін ақырын үйренеді және дамуында жағымды нәтижелерге кешірек жетеді. Бірақ ата-аналар әрқашан да баласының осының бәріне жететініне сенімді болулары керек.
Жанұядағы ерте көмек және ерте диагностика жүргізу өте маңызды. Даун синдромы бар балалар кейде таңқаларлық нәрселер жасайды және кез-келген көмек жанұядағы әрбір баланың дербестігін және нақты жағдайын ескеру керек. Балаларға керегі, тиімді жаттықтыру емес, ең алдымен сүйіспеншілікті қатынас. Бірақ ұмытпауымыз керек, даун синдромы бар әрбір баланың барлық ұқсастықтарына қарамастан, өзіне ғана тән ерекшеліктері болады, бір нәрсені жақсы көруі немесе бір нәрсені жек көруі мүмкін.
Ерте көмек және қолдау даун синдромы бар балалардың даму мүмкіндігін жоғарылатады, өте жиі даун синдромы бар балаларда басқа сырқаттар да болады. Мысалы: балалардың үштен бірінде жүрек ақауы, көпшілігінде асқазан және ішек, көру және есту проблемалары, инфекция қабылдауға бейімділік байқалады.
Ерте диагностика мен көмектің маңыздылығы.
Өмірінің бірінші жылындағы ерте диагностика мен көмек қозғалыс қызметтерін дамыту үшін өте маңызды. Диагностиканы ерте жүргізудің бір ерекшелігі-емдік гимнастикалар көмегімен баланың қозғалыс қабілеттерін осы көмекке қарағанда біршама ерте меңгереді.
Даун синдромы бар балалар дамуы үшін бірлескен ойындар ерекше маңызды. Саусақтар ойын, тізеде секіру, тақпақтар нәрестеге және ата-аналарға қуаныш әкеледі. Олар сөйлесудің және әлеуметтік статусының дамуына көмектеседі, нәрестенің мүмкіншіліктерін және қабілеттерін кеңейтеді. Даун синдромы бар балалар басқа балалар сияқты ойыншықтардың көптігін қажет етеді. Ойыншықтар белсенді әрекетке ынталандырады және таным процесін жетілдіреді, ойынға басқа балаларды тарту маңызды. Өмірінің екінші жылында тіл және сөйлеу қабілеттерін дамыту өте қажет. Оған балалар әндері және жеңіл шумақтар, суретті кітапшалар және қарапайым ойын материалдары көмектеседі. Әрқашан мына ережені сақтау керек: аз нәрсенің өзі бала үшін көп болады! Сүйікті кітапша таныс суреттегі тануға, қарауға және атауға көмектеседі.
Айжаркын МИРЗАКУЛОВА,
Түркістан обылысы Білім басқармасы «Жетісай қаласы «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дефектолог-олигофренопедагог маманы.