ДИҚАНДАР ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІН ЭКСПОРТТАУДА

Жетісай ауданы негізгі табысын ауыл шаруашылығы саласы құрайтын аграр­лы аймақ. Ерте көктемнен бастап тыныс тіршілігі қайнап жататын өңірде ша­руа­лар үшін еткен бейнеті ақталып, қыр­манның берекелі болуы бірінші орында. Ауданымыздағы Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Дауылбай ата» шаруа қожа­лығы қырыққабаттың алғашқы өнімдерін көршілес Ресей еліне экспорттады.

«Шаруа қожалығымызға тиесілі 3 гектар жердің 1,5 гектарына ақпан айында қырыққабаттың ерте пісетін «Магнус» сортын ектік. 48-50 күнде пісетін пекинка қырыққабаты бүгін алғашқы өнімін беруде. 1,5 гектарға егілген 60 мың түп көшеттен өндірілген өнім көлемі 60 тоннаны құрап отыр. Бұл кеткен шығындарымыз мен төккен теріміздің толықтай ақталғанын білдіреді. Артылған қырыққабат Ресей мемлекетінің астанасы Мәскеу қаласына жөнелтілетін болады»,-деді «Дауылбай ата» шаруа қожалығының төрағасы Момынжан Раджапов.

Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің бас маманы Нұртас Тұрсынбековтің айтуынша Жетісай ауданында биыл 1162 гектар аумаққа ерте пісетін қырыққабат егіліп, болжам бойынша 50 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Егілген өнімнің басым бөлігі «Зарисма», «Валикор», «Магнус», «Кевин Фарао», «Ринда», «Заказ» сорттары. Былтыр аудан диқандары 981,3 гектар жерге қырыққабат дақылын егіп, 31 919,5 тонна өнімін өндірген. Негізінен ерте пісетін қырыққабат өнімінің басым бөлігі Ресей, Белоруссия және Еуропа елдеріне экспортталады.

Айта кетейік, биыл ауданда 79,2 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады. Оның ішінде 44 мың гектарға мақта, 19 мың гектар алқапқа бақша, 3,3 мың гектар жерге көкөніс, 6 мың гектарға дәндік жүгері, 727 гектарға күріш пен 6 мың гектарға мал азықтық дақылдарын егу жоспарлануда.

ЖЕТІСАЙ-АҚПАРАТ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *