Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты ретінде ерікті сайлауды, ал егемендікке ие әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі – халық екенін анықтады.
Демократиялық сайлау – бұл бәсекелі, мерзімді және өкілдік сайлау, оның процесінде кең еркіндікке ие азаматтар билік құрылымдарына өздерінің өкілдерін балама негізде сайлайды.
Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде барлық елдерде 2005 жылы Будапештте (Венгрия) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде белгіленген және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі.
Биыл мереке 3 ақпанға сәйкес келіп отыр. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен Жетісай аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларында «Ашық есік күндері» атап өтеді, сонымен қатар сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен білім беру мекемелерінде оқитындармен «Сайлау және сайлану Конституциялық құқық» тақырыбында кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланған.
Сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы мамандар Дүниежүзілік сайлау күнін белгілей отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жақсарту проблемасына жұрттың назарын аудару мақсатын көздеді.
Осы күнді өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейілділікті қалыптастыру.
Б.СЕРИКОВ,
Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы.