Үйде оқыту – баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылатын оқу процесі. Бұл әдіс түрлі себептерге байланысты қолданылады, мысалы, денсаулық жағдайы, ата-аналардың таңдауы немесе ерекше білім беру қажеттіліктері. Үйде тиімді болу үшін нақты жоспар, қажетті ресурстар және қолдау жүйесі қажет. Үйде оқытуды бірнеше негізгі кезеңдерге бөліп қарастырамыз:

1) Оқу бағдарламасын анықтау
2) Оқу кестесін құру
3)Оқу ортасын дайындау
4) Оқу материалдарын таңдау
5) Бақылау және бағалау
Үйде оқыту білім алудың икемді әрі жеке тәсілі болғанымен, оның өзіндік артықшылықтары мен қиындықтары бар. Артықшылықтары жеке оқу қарқыны, қауіпсіз және жайлы орта, отбасылық қатынастың нығаюы, шығармашылық және еркіндік. Кемшіліктері әлеуметтік дағдылардың шектелуі, ата-ананың үлкен жауапкершілігі, моивацияның төмендеуі т.б.
Үйде оқыту – баланың қажеттіліктеріне сәйкес икемді білім беру әдісі, бірақ, ол ата-анадан үлкен жауапкершілікті, ал баладан өз бетінше оқуға деген жоғары ынтаны талап етеді. Оның тиімділігі дұрыс ұйымдастырулуына және оқушының жеке ерекшеліктеріне байланысты болады.
Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға үй жағдайында оқу процесін ұйымдастыру мақсатында Жетісай Ауданы Білім Бөліміне қарасты №66 «Мырзашөл» жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-дефектологы А.Қуандықова мектеп мұғалімдерімен коучинг сабақ өткізді.
Мақсаты:
Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес білім алуына жағдай жасау, олардың интеллектуалдық, эмоционалдық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1. Жеке білім беру бағдарламасын әзірлеу – оқушының мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес арнайы оқу жоспарын құру.
2. Оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету – арнайы оқу-әдістемелік материалдар мен құралдарды қолдану.
3. Инклюзивті әдістерді пайдалану – ойын, визуалды, мультимедиялық және басқа да тәсілдерді қолдану арқылы білім беруді тиімді ұйымдастыру.
Сабақта ЖИ платформалары өте тиімді қолданылды. Оқушылардың белсенділігі артып, оқу үдерісі қызықты әрі қолжетімді болатындығын, интерактивті құралдардың көмегімен білімді меңгеру жеңілдеп, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс жақсаратындығын көрсетті. Бұл платформа ЕББҚ ететін оқушылардың оқу сапасын арттыруға және жаңа тақырыптарды тиімді игеруге үлкен мүмкіндік беретінін көрсетті.
А.Қуандықова,
№66 «Мырзашөл» жалпы білім беретін мектептің арнайы педагогы.