Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылында орналасқан «Жан-Балауса» бөбекжай-балабақшасында Біртұтас тәрбие аясында «Аяулы Анашым» атты ертеңгілік өтті. Шарада «Айгөлек» ересек тобы мен «Гүлдер» аралас тобының бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетті. Гүлдер тобының ару қыздары – Пірімбет Балым, Оразбек Әмина, Қуандық Тоғжан, Құдірет Еркеназ, Оразбек Медина, Мажит Аружандар «Көктем ару» атты қыз сыны байқауына қатысып, өз өнерлері мен білімдерін сынға салды.
Қыз сынының шарттары: Өзін таныстыру, сұрақ-жауап, ойын, өз өнері, сән үлгісі.
Әділ қазылар алқалары: балабақша әдіскері Индира Ахмедова, меңгерушісі Халима Урманова, мейірбике Гүлнұр Бөрібаева.
Байқауда «Гүлдер» тобының ұл-қыздары «Танец девочек» билерімен көрермендерді тәнтті етті.
«Өнерлі өрге жүзер» демекші, Пірімбет Балым Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп жатқа айтты. Ал Оразбек Әмина қыл қаламмен табиғат көрінісін ақ қағазға суретін салса, Қуандық Тоғжан жанды дауыста «Әжетайым» әнін шырқады. Құдірет Еркеназ «До Ре Ми» әуеніне мың бұрала билеп, көрермендерді таң қалдырды. Оразбек Медина аспазшылық өнерімен өз қолымен тіске басар дайындап, әділ қазылар алқасына ұсынды. Мәжит Аружан «Әке» әнін жүрекпен айтып көпшілікті ерекше сезімге бөледі.
Сондай-ақ, «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері «Көк жигули» әніне билеп өнерлерін көрсетті. «Гүлдер» тобының балалары «Сұлу қыз» әніне билеп, керемет көңіл күй сыйлады.
Келесі кезекте байқау үміткерлері «Сәндік киімдер» үлгісін көрсетті. Құрбанбай Раяна «Ана» деп ән шырқады.
Байқаудың соңында ата-аналар атынан егіз қыздарымыз Әмина мен Мединаның анасы Айман ханым сөз сөйлеп, «Жан-Балауса» ұжымына алғысын білдіре отырып, ризашылығын жеткізді. Ал, Анар апа байқауда өнер көрсеткен бүлдіршіндерге ақ батасын берді. Ахмедова Индира ханым «Көктем аруы» қыз сыны байқауына қатысқан қыздардың аналарына үлкен алғысын айтып, Алғыс хаттар мен сыйлықтар берді.
Лаура НУРМАХАНОВА,
Ұлжан КУРУМБАЕВА,
«Жан-Балауса» бөбекжай балабақшасының тәрбиешілері.