МҰҒАЛІМДЕР БӘЙГЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты С.Сейфуллин атындағы №52 ЖББМ КММ-сінде С.Сейфуллинның 130 жылдығына орай мектеп директоры Ерімбетова Гүлжазира Нәлжігітқызының ұйымдастыруымен «Мұғалімдер бәйгесі» атты ой додасы өтті. Іс-шараның мақсаты – ұжымның ұйымшылдығын нығайту, ауызбіршілігін арттыру. Мұғалімдерге көтеріңкі көңіл — күй сыйлап, жұмыстарына мотивация беру, біліктіліктерін арттыру.

Жоғары деңгейде өткізілген шоуға төрағалық еткен Жетісай аудандық кәсіподақ ұйымының бас маманы Сәкен Бейсенов және «Қайнар» МГ БКҰ төрағасы Жұпарбек Тыңғозиев, «Асықата» мектебінің БКҰ төрағасы Ғалымжан Амановтар өздерінің бағаларын беріп, алдағы уақытта шығармашылық табыстар тіледі. Іс-шараны жүргізген «Тұран» мектеп гимназиясының ДИЖО Табиғат Аралбеков болды.

Алты шарттан тұратын додаға «Жеңіс» тобы, «Сейфуллин жастары» тобы, «Достық» тобы, «Алаш елі» тобы, «Ынтымақ» тобы, «Болашақ» топтары қатысты.

Әрбір шарты өте ерекше, тартысты, қызықты өтті. Сонымен бас жүлдені «Ынтымақ» тобы жеңіп алды. Бірінші орынды «Достық» командасы қанжығасына байласа, екінші орын «Жеңіс» тобына бұйырды. Үшінші орынға ең белсенді қатысқан «Сейфуллин жастары» жеңіп алды. Ал «Алаш елі» және «Болашақ» топтары номинациялар алып тарасты. Мұндай керемет іс-шаралар өз жалғасын табады деген сенім білдіріп, ұстаздарға мықты шәкірт тәрбиелеуде талмас қанат тілеп қалдық. Жалпы Ой додаға қатысқандарға Жетісай аудандық кәсіподақ ұйымы атынан марапаттар мен сыйлықтар табасталды.

З.САПАРОВ,

С.Сейфуллин атындағы №52 ЖББМ КММ география пәні мұғалімі, БКҰ төрағасы.

Н.ИЛИЯСОВА,

педагог-психолог.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *