Мұстафа Шоқай- Тәуелсіздік жаршысы

Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған біртуар азамат. Алаш партиясында болды, Түркістан автономиясының басында тұрды. 21 жыл Еуропада эмиграцияда жүріп, қазақтың бостандығы үшін күрескен тұлға. Біз онымен мақтанамыз. Мектебіміздің М.Шоқай  атымен аталғанын да зор мәртебе көреміз.

Қазақ халқы мен барша түркі жұртының тәуелсіздігін аңсаған Мұстафа Шоқайдың  күрескерлік жолын бүгінгі өскелең ұрпақ өзіне үлгі-өнеге тұтады. Мектебіміздің  тұлға дамуы, тәрбиесі мен қалыптасауы жолында бет түзейтін темірқазығымыз – Мұстафа Шоқай.

М.Шоқай: «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсiздiгi болуы мүмкiн бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, бiлмейдi де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесi. Ал ұлттық рухтың өзi ұлт азаттығы мен тәуелсiздiгi аясында өсiп-дамиды, жемiс бередi.Ұлттық рухтың негiзi – ұлттық тiл.Өзiнiң iшкi бiрлiгiн нығайта алған халықтар ғана тәуелсiздiгiне қол жеткiзе алады және оны қорғап қала алады» -дейді. Ендеше, бүгінгі мамыражай, тыныш заманда тәуелсіздік қадірін біліп, оны баянды ету үшін білім алушыларымыздың санасына білім нәрін құйып, ұлттық рух пен патриотизмді сіңіру-біздің міндетіміз.Шоқайдың еңбектерін насихаттап, рухын биікке көтеру біздің назарымыздан бір сәт те  тыс қалған емес. Мектеп тарихшылары мен кітапханашыларының  іс-жоспарына сәйкес жыл бойы дөңгелек үстелдер, коференциялар, танымдық сабақтар оған дәлел. Сондай-ақ, бала Шоқайдай зейінді оқушыларымыздың түрлі аудандық, облыстық мен байқаулар мен олимпиадаларда топ жарып, жүлдемен оралуы деп білеміз.

Қысқасы, М.Шоқай мектебі ұжымының  бір мақсаты – оқушыларымыздың ұлтсүйгіштік, ораторлық тасиеттерін дамытып,интелектуалдық  деңгейін арттыру болып табылады. Халқымыздың маңдайына біткен ұлы тұлғамыздай күрескер,отансүйгіш етіп тәрбиелеу.

Ұлжалгас Примбекова,

М.Шоқай атындағы №26 ЖББМ-тің директоры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *