Жуырда №39 «Асықата» жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сыныптар бойынша «Үлгерімі төмен оқушыларға оқыту процесін цифрландырудың тиімділігі» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Семинарды білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Ұлсерік Райханова мен мектеп директоры Шойбеков Бектұрсын Смаилұлы ашып берді. Семинарда он екі сабақ көрсетілді. Сабақ өткізген ұстаздар оқушылардың даралығын ашуға және оқу әрекетін игертуге тиімді, әрі нәтижелі әдіс тәсілдерді ұтымды пайдалана отырып, жақсы сабақтар өтті.
Семинардан ұстаздардың үйренері көп болды. Білім сапасымен қолжетімділігі – елдің бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығының негізгі факторы.Бүгінгі таңда педагогтердің ақпараттық құзіреттілігіне, білім беруді цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін үнемі арттыру да сапалы оқытудың кепілі болып табылады. Заманауи технологияларды қолдана отырып,балаларды оқыту әлемдегі барлық өзгерістерге бейімделетін тұлғаны қалыптастыруға әсері мол. Семинар жоғарғы деңгейде өтті.
Осы семинарда сабақ көрсеткен ұстаздарды білім бөлімінің марапаттауына ұсыныстар жасалды. Ұжымға шығармашылық табыстар тіледі.
№39 «Асықата» жалпы білім беретін мектебі.