Сабан тойға қош келдіңіз!

«Сабан той» — ұлттық салт дәстүр ішінде жомарттық пен қайырымдылықтың, ынтымақ, еңбексүйгіштік елдің тағы бір қырын көрсететін еңбек мерекесі, әрі той. Мұны егінші ел жасайды. Егін бітік шығып, қырман астыққа толып, оны төкпей шашпай, суыққа ұрындырмай мезгілінде жинап алған ел күзде сабан той өткізеді.

Тойда спорт түрлері, күрес, ат жарыс, жаяу жарыс өткізіледі. Ұлттық киімдер киіп, жастар ән айтады, би билейді.Ұлттық тағамдар әзірленіп, ұмытылып бара жатқан ұлттық  дәстүрлерді еске түсіріп, театрлық қойылымдар көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі  балаларды ұлттық салт-дәстүрімізді  құрметтеуге, үлкендер еңбегін сыйлауға, жыл мезгілі – күз айлары жомарт екені туралы түсініктерін қалыптастыруда  балабақшамызда «Сабан тойға қош келдіңіз!» атты ашық есік күні өтті.Тойға үлкенді-кішілі қатысып, балалар қуанып мәре-сәре болды. Түрлі көкөністерден, жемістерден көрме ұйымдастырылды, ән айтып, би билеп , көріністер қойылып, балалар ата-аналармен бірге өнерлерін көрсетті.Түрлі тастанды заттардан, қағаздардан жасалған костюмдер сайысы өтті. Сайыста  Басымхан Мейіржан мен Басымхан Кәусардың анасы Мырзахан Жанат бас жүлдені иеленді.Елімізде мәңгілік тыныштық пен береке болсын, бейбітшілік өмірде балаларымыз бақытты болсын.

О.Бейсенбаева,

«Бүлдіршін» бөбекжай бақшасы МКҚК әдіскерi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *