Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасытаста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз үшін елеулі, мемлекетіміз үшін айшықты, қасиетті күндердің бірі де, бірегейі – 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Осы мерекеге орай білім алушылардың патриоттық сезімін ояту, елі үшін еміренетін, халқы үшін қабырғасы қайысатын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты «Ю.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 2 желтоқсан күні бастау алған «ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ» атты он күндік жалғасуда.
Онкүндік ашылуында оқушылар әннен шашу шашып, жыр шумақтарын арнады. Сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өтсе, тарих, құқық пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарын жүргізуде.
Бұл мереке қарсаңыда мектептің педагог психологтары мектеп оқушылары мен ұстаздар арасында тренинг сабақтарын жүргізді.
Алдағы аптада іс-шаралар жоспарына сәйкес сурет, спорттық және патриоттық әндер байқауларымен қатар концерттік бағдарламалар жүзеге асырылады.
Л.Салиходжаева,
«Ю.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
