Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі – еліміздің тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. 1991 жылы 16 желтоқсанында Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, әлем картасында дербес мемлекет ретінде танылды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы мектеп саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік бергенінің күәсі болып отырмыз. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда елімізде білім беру жүйесін жаңғырту, ұлттық тәрбие мен мәдениетті дамыту бағытында бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылады.
Тәуелсіздік жылдарында ұлттық тәрбие мен мәдениетті насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама жастардың ұлттық құндылықтарды түсінуі мен сақтауы үшін маңызды. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту жұмыстары кеңінен жүргізілді.
Білім беру саласында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту процесі жаңартылды. Мысалы электронды оқулықтар мен онлайн білім беру платформаларының пайда болуы.
Қазақстан халықаралық білім беру ұйымдарымен, атап айтқанда ЮНЕСКО, БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнатты. Бұл еліміздің білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сай болуына ықпал етті.
Жастарды қолдау мақсатында түрлі бағдарламалар мен жобалар іске асырылды. «Жастар жылында» жастардың әлеуметтік, мәдени және экономикалық дамуына бағытталған шаралар ұйымдастырылды.
Жастардың қоғамдық өмірге белсене қатысуы үшін түрлі форумдар мен конференциялар өткізіліп, олардың пікірлері ескерілді.
Қорыта айтқанда, Қазақстанның тәуелсіздік алуы тәрбие саласында жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктерге жол ашты. Білім беру жүйесінің жаңаруы, ұлттық тәрбие мен мәдениеттің дамуы, инновациялық технологиялардың енгізілуі, халықаралық ынтымақтастықтың нығаюы- бұның бәрі еліміздің болашағы үшін маңызды. Тәрбие саласындағы жетістіктер жастардың сапалы білім алуына, ұлттық құндылықтарды сақтауға және қоғамда белсене азамат ретінде қалыптасуына ықпал етеді деп ойлаймын.
Бағлан Алтынбеков,
С.Сейфуллин атындағы №52 жалпы білім беретін мектеп КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.