«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениеттің жаңа белесі

Қазақстан Республикасы экологиялық мәселелерге назар аудару және қоршаған ортаны қорғау мақсатында 2024 жылдың сәуір айынан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын бастады. Бұл акция 2024-2029 жылдарға арналған экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып, еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды шараларды қамтыды. «Таза Қазақстан» – бұл тек тазалық акциясы емес, сонымен қатар қоғамда экологиялық жауапкершілікті, табиғатқа құрметті және ұзақ мерзімді экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.

Акцияның мақсаттары мен міндеттері

«Таза Қазақстан» акциясы бірнеше негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді:

1. Қоршаған ортаны тазарту: Заңсыз қоқыс полигондарын жою, су айдындарын, жағалауларды, саябақтар мен көшелерді тазалау.

2. Көгалдандыру және абаттандыру: Ағаш отырғызу, саябақтар мен демалыс аймақтарын ретке келтіру.

3. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру: Халықты, әсіресе жастарды қоқысты сұрыптауға, қайта өңдеуге және табиғатты сақтауға үйрету.

4. Қоғамдық белсенділікті арттыру: Еріктілерді, студенттерді, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді экологиялық шараларға тарту.

Акция тек тазалық шараларымен шектелмей, қоғамдық сананы өзгертуге және экологиялық этиканы орнықтыруға бағытталған. Президент Қ.Тоқаев акцияның маңыздылығын атап өтіп, оның жаңа мәдениет пен қоғамдық жауапкершілікті қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті.

Іс-шаралардың әртүрлілігі

«Таза Қазақстан» акциясы аясында түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылды:

— Сенбіліктер: «Таза бейсенбі» акциясы аясында апта сайынғы тазалық шаралары өткізілді.

— Эко-челлендждер: Жастар арасында қоқыс жинау жарыстары, экологиялық квесттер мен интеллектуалды ойындар ұйымдастырылды.

— Балаларға арналған шаралар: «Экология балалар көзімен» сурет байқаулары, қоқыс қалдықтарынан қол өнер бұйымдарын жасау сияқты шығармашылық жобалар өтті.

— Көгалдандыру науқандары: Саябақтар мен гүлзарлар абаттандырылып, демалыс аймақтары ретке келтірілді.

— Экологиялық рейдтер: Заңсыз свалкаларды анықтау және автокөліктердің экологиялық стандарттарға сәйкестігін тексеру шаралары жүргізілді.

Г.Жиенбек,

ДШЖЖО  м.у.а.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *